қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English
«Мақтаарал» қоғамдық-саяси газеті
24 сәуір, жұма 2015 жыл, 4 бет

«Сырдариядағы» жұмыс орындары жәрмеңкесі

«Сырдария» университетінде жұмыс орындарын ұсынуға арналған жәрмеңке өтті.

Бұгінде жұмысқа орналастыру бойынша елімізде 3 бағыт бойынша қызметтер тyрі байқалады. Біріншісі-жұмысқа өздері шақырады. Екіншісі-жұмыс орындарының әр түрі бойынша аудандық яки облыстық немесе республикалық деңгейде өздеріне шақырып, тиісті мамандарды таңдайды. Үшіншісі-өз мамандарын өзгелерге ұсынады.

Мінеки, «Сырдария» университетінде бітіруші түлектерін тиесілі мекемелер мен ұйымдарға ұсыну мақсатымен жұмыс орындары жәрмеңкесі жүзеге асты. Мақсат-бітіруші түлектерге қамқорлық жасау, олардың жұмысқа орналасуына қолғабыс тигізу.

Жәрмеңкеге аудандық сот, «Қазпошта», «Казкоммерцбанк», аудан мектептерінен 16 мектеп басшылары және өзгелері қатысты.

Жәрмеңкеде университет тұлектеріне сұраныс деңгейінің ойдағыдай болғанын атап айтқан жөн. Олай дейтініміз, өз ой-пікірлерін білдірген №2 мектеп директоры Маликов Жаппар, №5 мектеп директоры Сәуірбаева Гүлмира, №3 мектептің директоры Б.Набатова және тағы басқалары университет түлектерінің сапалы да білікті даярланып, олардың өз оқу мекемелерінде жемісті қызмет атқарып жатқанын тілге тиек етті.

- «Сырдария» университетінің түлектері бізде бар. Олар бүгінгі талап деңгейінде қызмет атқаруда. Заманаға сай. Шәкірттері еліміздің әртүрлі жоғары оқу орындарында оқиды. Бүгінгі университеттің түлектері еліміздегі өзге жоғары оқу орындарының түлектерінен бір мысқал да кем емес. ҰБТ нәтижелері-соның айғағы. Университеттің алғашқы қазығын қаққан білікті басшы, бүгінде облыстық мәслихаттың депутаты, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Оңалбай Аяшевтың аянбай төккен терінің еңбегін бүгінгі түлектер еселеп қайтарып жатқандығына еш күмән жоқ, - деді Ю. Гагарин атындағы орта мектептің директоры Бақыт Набатова.

№122 орта мектептің оқу істері бойынша меңгерушісі Сапаров Жандос: - Мен «Сырдария» университетінің түлегімін. Бүгінгі қол жеткен табысымда осынау жоғары оқу орнының және де оқытушы-профессорларының еңбегі өте үлкен. Мен университетке, бүгінгі керемет хал-ахуалына, оқытушы-профессорлар Құдайберген Жидебаев, Ләззат Әбенова секілді ұстаздарыма мың алғыс айтамын.

Жәрмеңкеге келген ұжым, мекеме басшылары университет түлектерінің құжаттарымен танысып, таңдап-талғап алған өз ұйымдарына, мекемелеріне жұмыс жасауға шақырды. Жәрмеңкеге өткен күні университеттің бітіруші түлектері №2, N83, №5, №122, №6, №1 мектептерге ірікгеліп алынды. 2 түлек аудандық сот жүйесіне «Жол картасы» бойынша жұмысқа шақырылады. Жәрмеңкеге қатысушыларға арнап концерттік бағдарлама әзірленді. Университет ректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Серік Сансызбайұлы Дайырбеков өз сөзінде жоғары оқу орнының бүгінгі студент-жастары еліміздің ертеңі мен келешегі дей отырып:

- Жәрмеңке студент-жастарға қамқорлық жасауда, оларға демеушілік танытуда өз биігінен көрінді дегіміз келеді, - деді.
Нұрғали ӘМІРБЕКҰЛЫ.


Басқа жаңалықтар