қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English
7Сыр Республикалық қоғамдық-саяси газеті

Сәуір, №16(306) 24.04.2015 жыл, 3 бет

Жазушы Мархабат едіне сапар

- 2015 жылдың 16-18 сәуір күндері Сайрамдағы Мәртебеден туған жерім Түлкібасқа жаяу жүру акциясы ойластырылған. Акция Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және 70 жылдық мерейтойыма орйайластырылған. Соған өзім, ақын Нармахан Бегалиев, белгілі прозаны Есқара Тасқараев, өзінің және біер ақын- жазушыларды қатыстырмақ ойдамыз. Бұған қалай қарайсың? - деді қалта телефон арқылы белгілі қаламгер, прозик Байғұт Мархабат ағамыз.

- Үлкен рахмет. Әрине, разымын, Жолға жараймын.

Бірақ бұдан он жылға жуық уақыт бұрын инфрактапғанды жасырып қалдым. - Жаяу жүру акциясы 701 шақырымды қамтиды. Үш күнге лайықталған. Бірінші және екінші күндері - 30 шақырымнан. Ал үшінші, сенбі күні 10 шақырым жүріп, түске таман Түлкібастағы Шұбайқызыл биігіне шығарамыз. Сол төбенің абасында жолсарапымызды аяқтаймыз, - еді Махаң және де. Мен, шынымды айтсам, қуаным қалдым. Несін жасырайын. Ағаның ақ ұсынысы қанаттындырды. Көңілді демеді.

Содан. Ия содан соң 16 сәуір күні Шымкенттегі оралық саябақта бас қосқан акцияға қатысушы топ, Таңертең ерте Сайрамға қарай бет алық.

Жаяу спараға қатысушыларды Шымкент қаласының жаңа сәт сапар тілеп шығарып салды. -Жаяу жүру сапары ұлы Жеіістің 70 жылдығына арналады. Ұлы Жеңіс ел есінде мәңгі сақталуаға тиіс. Талай-талай боздақтар бұрынғы КСРО деп аталатын алып елде өмір сүрді. Қазақ елі сол мемлекеттің құрамында болды. Олар мақсат, ортақ мүдде солай іс-әрекет етуге міндеттеді. Олар өз борыштарын адал атқарды. Ата - бабалар аманатына сай нағыз адалдықтың үлгісін танытты. Со кездегі соғыста ең көп Батырлар атағын алған да қзақ халқы еді. Олар орыс, Үкрайндардан соң үшінші орынды иемденді. Халықының саны аз болғанына қарамастан, ер халықтығ үлгісін көрсетті, - деді Махаң. - Мінеки, сол боздақтардың рухына тағзым ету, туған топыраққа онда өскен жапырақ, өскіндерге тағзым ету үшін оның әрбір қадамыена жаяу жүріп өту - біздің өз бойымызға алған міндетіміз болды, - деді абзал аға.

Ұлы Жеңістің жемісі болып дүниеге келген Мархабат аға бүгінде 70 - те. Жеңіс жылының сол айында туылған жазушы - қайратуер бүгінде бейбіт өмірдің жасампаз тірліктерін көркем сөзбен, сергек те сезімтал жанды ойға тола өрнектерімен суреттеп келеді. Жеңістің мерейіл уақытына арналған жаяу жол сапар көрнекті жазушының 70 жылдығына ұласты.

Сансыз бап мекен еткен Сайрам ауданынан жолға шыққан топ мүшелері жол бойыеда мектеп оқүшылармен, жас ұрпақпен кездесіп, бүгінгі бейбіт өмірді қадірлеп - құрметтей білуге, үлкендерді сыйлауға үндеді. Нақты мысалдармен, өздері бастан өткерген, жинақтаған өмір тәжірибелермен бөлісіп, ой-пікірерін жалпы жұртқа жария етті.

Сайрам ауданымен көршілес жатқан Түлкібас ауданындағы шекарада және Кершеток елді мекенінде де мектеп оқушылары мен, жастармен кездесу болып өтті. Мұнда да тағлымы мол Ұлы Жеңістің мерейі асқақталды. Бірінші күні жаяу жүру сапары топ мүшелері үшін Сазтөбе (бұрынғы атауы Састөбе) маңында аяқталды. Жаяу сапар қатысушаылар мұндағы интернат оқушыларыменкездесуі де мазмұнды болды. Интернет оқушыларының конценрттін - тағылымдық бағдарламасы бүгінгі оқушы - жастардың өнегелі көркенді болып өсіп келе жатқанын аңғартты.

Екінші күні сарап барысы да топ мүшелері үшін ауа райының қолайлы болуымен ерекшеленді. Жаскешу ауылындағы соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіш маңында сапарға қатысушылар оқушы - жастармен кездесті. Ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Амангелді ауылдағы мештте аялдама жасалды. Құран бағышталды кешегі қанды майданда қайтыс болған аға ұрпақ өкілдеріне.

Тайұмсық елді мекеніндегі М.Лермонтов атындағы мектепте де жаяу жүрі сапарыне қатсқан топ мүшелерімен оқушы - жастардың кездесуі ұйымдастырылды.

Азаттық ауылындағы Мәдениет сарапцы алдына орналасқан Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлер ескерткіші маңында жаяу жүру сапарына қатысушылар оқушы - жастармен кездесті. Ескерткішке гүлшоқтары қойылып, соғыста опат болғандардың рухына тағзым жасалды.Екінші күні жаяу жүру сапарының соңы Азаматтық елді мекеніндегі Түлкібасы әулиеге құран бағыштау рәсімі жүзеге асырылды. Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандарға от кешкен, бүгінде арамызда жоқ Ұлы Отан соғысына қатысушыларға бағышталып, арнайы қошқар сойылды.

Үшінші күні жаяу жүру сапарына қатысушылар Түлкібасы әулие маңынан Шұбайқызыл төбеіне қарай бет алды. Бұл төбенің көзге анық байқалатыны- өте биікте орналасуы дер едік. Бұдан бұрын да «Мархабат - Мирас» қоры үйымдастырылуынмен бұл төбеде болған еді. Зу етіп, көлік жарықтың, әп-сәтте - ақ төбеге алып шыққан еді. Бұл жолы жаяу сапар уақыты екі жарым сағңатқа созылды. Сол кезде қып - қызыл гүлдердің бірде - біреуі ашылмаған еді. Ал осы жолы төбенің етегінен бастап, ту-у биігіне шейін өрттей қып-қызыл болып жанған, бейнебір бір - бірлеп жерге қолмен қадам қойғандай жайнап өскен қызғалдақтар көзге қуаныш сыйлап жатқандай болды. Шұбай қызыл төбесі кеңестік кезеңде «Красная горна» деп аталып кеткен екен. Оның о бастаңа «Шұбай қызыл» деген табиғи атауы мүлдем көмескіленіпті. Ұмытылып қалыпты. Жеріліекті тұрғындар да Шұбай қызыл деп атаудың орнына Красная горна» дегенді естерінде мықты жаттап қалған. Тәуелсіз ел болу, төл болмасты қалпына келтіру - бүгінгі ұрпақтың міндеті. - Шұбай қызыл деген атаудың мәнісі - мінеки, мынау қып - қызыл гүлдер шұбай, шұбап өскен. Сол себепті осынау төбенде ғана қызғалдақтар шұбап, шұбай өсеі. Өзге төбелерде мұндай гүлдер жоқ. Іздесең де таппайсың. Осы төбеде кезінде қанды қырғын болған деседі. Аңыз бойынша қазақ - қалмақ жауынгерлері қатты қырғын жасапты. Жекпе - жекте жеңіске жеткен қазақ батыры жараланыпты. «Жаным - ай!» деп жаны мен тәні ауырған батыр жатәслім етіпті. Шейіт болған жері - жаным - ай деп аталынатын төбе, әнеки, анау жатыр, - дейді Мархабат аға еншілес жатқан және бір биіктеу төбеге көз қырын салып.

Шұбай қызыл төбесінде жаяу сапарға қатысушылар белгі орнатты. Жаяу жүру сапары аяқталды. Үш күнге созылған акция өз миссиясы орындады. Жаяу сапарға қатысушыларға қолдау жасап, демеушілік танытқан биліктегілер және қоғамдық ұйымдар, өзге де азаматтарға әсіресе, оқушы - жастарға айар алғас мол. Кешегі қанды қырғынға қатысып, елге оралмағандар мен бүгінгі Жеңіс күніне аман - есен жете алмағандардың рухафна бүгінгі Жеңіске сау саламат жеткендердің құрметіне арналып жасалған осынау жобаның танымдыө әрі тағылымдық сипаты тым - тым жоғары сияқты. Соны сездік біз.

Сонымен, «Шымкент - Шұбайқызыл» бағытындағы көрнекті жазушы Мархабат Байғұт еліне жаяу сапар көл - көсір көңіл дарытты. Ұлы Жеңісті асыға куткен ата-ана үмітті мен арманының жемісі болған Махаң қазірде де тың, сергек жаста. Ұзақ жас тілейміз. Қанатты қалам серігі бола бергей демекпіз.
Нұрғалыи ҚАДЫРБАЕВ, жазушы-журналист «Сырдария» университетінің професоры.


Басқа жаңалықтар