қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English
7Сыр Республикалық қоғамдық-саяси газеті

Сәуір, №16(306) 24.04.2015 жыл, 2 бет

«Сырдария» университетінде өткен «Бос орындар» жәрмеңкесі

Жақында «Сырдария» университетінің «Қазақстан» студенттер сарайында бітіруші түлектерге арналған «бос орындар» жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкені өткізудегі мақсат - бітіруші түлектердің жумысқа орналасуына көмек көрсету.

Бұл іс-шараға ауданымыздағы 47 мектептің, өндіріс орындарының, заң саласының басшылары қатысып, өздеріне қажетті мамандардың түйіндемесімен танысты. Бітіруші түлектер жұмыс берушілермен кездесу барысында жұмысқа орналасу және студенттік практикадан өту бағытында ой бөлісіп, пікір алмасты.

Бір қуантарлығы, қазіргі жастар мұндай жәрмеңкелерді уақытты босқа өткізу деп қабылдамайды. Керісінше, «іздегенге-сүраған» деп танып, университет басшылығының шақыртуымен арнайы келген жұмыс берушілермен жақынырақ танысып, білім-білігімен ерекшеленіп қалуға барынша тырысып бақты.

Келген қонақтарға университет басшылығы арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Іс-шара барысында университет ректоры С.Дайырбеков болашақ жас мамандарды жүмыспен қамту мәселесіне айрықша мән беріп, ықпалдастыққа үнемі мүдделілік танытып жүрген кәсіпорын, мекеме басшыларына ризашылығын білдірді. Кезекті сөз алған Б.Момышүлы мектеп-гимназиясының мұғалімі Роза Өрнекешова бітірушілерге ақ жол тілесе, №122 жалпы орта мектебінің мұғалімі Ж.Сапарбаев өзінің осы жоғары оқу орнын бітіргенін тілге тиек етіп, аталмыш мектепте «Сырдария» университетін бітірген 37 мүғалім қызмет атқаратынын, білім берген ұстаздарына алғыс айтып, бітіруші түлектерге әрқашан есіктері ашық екендерін жеткізді.

А.Байтүрсынов мектебінің директоры Г.Сәуірбаева білімді жастарды жұмысқа тарту керектігін айтып, мектебінде орыс тілі, әдебиет пәндеріне мамандар қажет екенін жеткізіп, бітіруші түлектерді жұмысқа шақырды. Гагарин мектебінің директоры Б.Набатова бітіруші түлектерге сәттілік тілеп, О.Аяшевқа осындай білім ордасын ашқанына алғыс білдіріп, «Сырдария» университеті «Мақтааралдың жүрегі» деп сөзін қорытындылады.
Баян БОЛАТҚЫЗЫ


Басқа жаңалықтар