қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

23.12.2016


Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік


Желтоқсан айының 14-ші жұлдызында "Сырдария" университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай, "Гуманитарлық білім" факультетінің ұйымдастыруымен "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік" атты кеш өткізілді.

Кеш шымылдығы "Жетісай сазы" оркестрі мен хордың орындауындағы Бөрі Исаның "Армысың ХХІ ғасыр" ораториясының үзіндісімен ашылды. Мәтінін Музыкалық білім мамандығының 1-курс студенті Ескендіров Нұрғиса мәнермен, үлкен сезіммен орындады. Оркестрдің сүйемелдеуімен "Музыкалық білім" кафедрасының аға оқытушысы Сұлтан Сапарқұлов А. Құнанбаевтың "Айттым сәлем Қаламқас" әнін нақышына келтіре, асқақтата орындады.

Ары қарай тәуелсіздіктің тәтті сыйына толы, мазмұн-мағынасы бейбіт елдің бейнесіне бедерленген бейнебаян көрсетілді.

Университет ректоры, п.ғ.к., доцент Серік Сансызбайұлы Дайырбеков барша ұстаздар қауымы мен студент жастарды бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын салтанатты мерекемен құттықтады.

Сонымен қатар бірқатар профессор-оқытушылар мен қызметкерлер 25000 теңге сыйақымен және аудан әкімі Ғ. Ысмайыловтың алғыс хатымен марапатталды.

Оқуда білім мен біліктілік көрсетіп, қоғамдық іс-шараларда белсенділік танытып жүрген 25 студентке 15000 теңге көлемінде сыйақы берілді. Сондай-ақ, Монкап 2.0 моделі бойынша турнир жеңімпазы Математика мамандығының 3-курс студенті Қадырқұлов Бексұлтан Қалдыбайұлына 75000 теңге және кубок табыс етілді.

Мәнді әрі мағыналы кеш әсем әнмен жалғасын тапты. Құлымбет Айгүл "Ізін көрем", Саулетова Гауһартас пен Хамзаева Ұлбосын "Қазақстаным-ұлы отанымсың", Данияр Асылбек "Байтақ елім-қазағым", Ерғали Нұрғали "Қазағым" әндерін үлкен сезіммен орындады.

Бүгінгі мерейлі мерекемізге өз шығармашылығымен бөліскелі келген жас ақындардың патриоттық сезімге толы, терең мағыналы өлеңдері мен арнаулары көрермендерді тебірентпей қойған жоқ.

"Сырдария" университетінің атағын шығарып, қаламыздың абыройын республикамызға паш еткен, оқу ордамыздың мақтанышы "Сырдария" құрамасының жігіттері де өз өнерлерін тарту етті.

Барлық ұлттың басын қосқан ұлы да нұрлы "Достық" деген қасиетті ұранға биші қыздарымыз да "Халықтар достығы" биімен өз үлестерін қосты.

Тағылымы терең ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған мерекелік кеш Әріпхан Нұрислам "Сырдария" әнін орындап, студент-жастар қауымы ерекше әсерге бөленіп тарқасты.

Басқа 40 сурет, фотогалерея

"Сырдария" университетінің баспасөз хатшысы Ш.Ж. Қалыбекова



Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу