қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












23.04.2018

Дүниежүзілік кітап күні

Сәуір айының 23 жұлдызында Дүниежүзілік кітап күніне орай "Кітап – білім бұлағы" атты мерекелік іс-шара болып өтті. Кітапхана бөлімі ұйымдастырған атаулы мерекеге студенттер белсене қатысты. Мерекелік кеште кітап қорын жинақтайтын кітапханалар әлемі жөнінде презентация жасалды, жас ізденушілер поэзия әлемінен жыр өрнектерін оқып, ән-жырмен атаулы күннің мәні мен сәнін үйлестіре түсті.

"Кеш барысында университеттің Ғалым хатшысы, ф.ғ.к., доцент Л.У.Абенова сөз сөйлеп, алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдыратын өсиеті кітапта екенін айта келе, студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығына айрықша назар аударды.

Адамзат баласы кітап оқудан қалса, ой ойлаудан да қалатыны хақ. Сондықтан бұл шараның берер тағылымы мол екендігіне еш күмән жоқ.

Баспасөз қызметі




Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар




Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу