23.02.2012 жылы “Сырдария” университетінің орталық кітапханасының оқу залында “Кітапхана, студент және ұстаз” атты тақырыпта пікір-сайыс өткізілді.

Төменде сіздердің назарларыңызға сол пікір-сайыстың мазмұны беріліп отыр.
Пікір-сайысты ұйымдастырып, жүргізіп отырған кітапхана меңгерушісі А. К. Молдадосова.

“Кітапхана, студент және ұстаз”

I. Құрметті ұстаздар қауымы және студенттер! Бүгінгі кешіміздің қонақтары! Бүгін университеттің орталық кітапханасында қазіргі қоғамымыздың үлкен мәселесіне айналып отырған “кітап неге оқылмайды?” деген сұрақтың жауабын іздеу мақсатында “Кітапхана, студент және ұстаз” атты ток-шоуымызды ұйымдастырып отырмыз. “Кітап атаулы досы бола бастаған шақтан былай ғана, әрбір жан өзін интеллегент бола бастадым деп санауына болады” деген М.Әуезовтың сөзімен келіспейтін жан бола қоймас.
Алайда қазіргі күнде ақпараттандыру процесі қарқынды дамып, электронды жүйеге көштік дегенімізбен, тіпті соны мақтаныш тұтқанымызбен, ақыл-ойдың негізі кітап болып қала бермек. Кітап дегеніміз – адам психологиясына әсер ететін үлкен күш. Әр адамның дербес ойлануына, өзімен-өзі қалып сырласуына, сыртқы дүниемен көркем қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін бірден-бір құрал – кітап.
Ал, кез-келген нәрседен алған әсерді табан астында жүзеге асырудың салдарынан адам ойсыздыққа үйренеді.
Кітап рухани, мәдени өмір қайнары, білім көзі. Ал бар білімнің қайнар көзі кітапхана. Осы жерде азғана үзіліс жасап кітапханалардың шығу төркіні жайлы слайд-шоу тамашаласақ.

II. Мәтінін оқыған: Кітапхана қызметкері Тилеубаева А.

Кітапхана қашан пайда болған?
Естуімше, есте жоқ ескі замандардың өзінде кітап ерекше бағаланған екен. Ал ең алғашқы кітапханалар қай кезде пайда болған? Адамзат баласы кітапхананың пайдасын бірден түсінді, сол себепті де, ең алғашқы кітапхана осыдан сегіз мың жыл бұрын пайда болды.
Ежелгі Месопотамия тұрғындары жазуды саздан жасалынған тақтайшаларға жазған. Сондай мыңдаған тақтайшалар ежелгі сарайларда сақталып келді және тақырыптары бойынша сұрыпталды. Ежелгі египеттіктер жазуды әуелі шиыршықталып, сосын түтік сияқты оралған папирус қағаздарға жазды.
Біздің эрамызға дейінгі 332 жылы Александр Македонский негізін қалаған, Египеттегі атақты Александрия кітапханасында осындай мыңдаған қағаздар сақталып келген. Б.э. IV ғасырында Римде көпшілікке арналған 28 кітапхана жұмыс істеген.
Ал орта ғасырларда кітапханалар монастырлар мен университеттердің жанынан ашылған. Ұрлық-қарлықты болдырмас үшін ол уақытта кітаптарды қабырғаларға шынжырмен бұғаулап тастайтын болған

Әлемдегі ең үлкен кітапханалардың бірі Отырар мен Александрия кітапханасы туралы дерек.
Отырар мен оның кітапханасы қай кезден бастап өмір сүрген екен? Отырар шамамен V ғасырда белгілі бола бастаған. Ол кітапхана бар болса, ондағы кітаптар – вавилонның қыштан күйдірілген тас кітаптарынан бастап, түрік парсы және қытай тіліндегі кітаптар болуы мумкін.
Арабтар мұсылмандықпен қатар, араб тіліндегі кітаптарды ала келген. Қытай тіліндегі кітаптарды ғұндар оқи алған және ғұндардың өздері де ежелгі түрік, яғни ғұндардың тілінде кітап жазып, географиялық карта сызған.Сонымен, Отырар кітапханасы 1220 жылы көмілсе, ал Александрия кітапханасы 391 жылы өртелген болса, осы екі аралықта (830 жыл) үлкен кітапхана Отырарда болғаны.
Атақты Александрия кітапханасын, Египеттегі Александрия қаласын Македонскийдің бұйрығымен атақты Птолемей II б.з.д. III ғасырда салды. Ол да себепсіз емес. Зұлқарнайын Орталық Азияны жаулап алғанында кітапханаларды көрген шығар!? Олай дейтінім, алғашқы кітапхананы шумерлерді 600 жыл билеген біздің даладан шыққан көшпенділер – Қасситтер (қассақтар) ойлап тапқан.Александрия кітапханасы 391 жылы өртелген болса, Отырар кітапханасы сол жылдан бастап бері қарай, яғни 830 жылдай әлемдегі ең үлкен кітапхана болып тұрған. Ал енді тым батыл шешім айтар болсақ, Александрия кітапханасының басым бөлігінің өртелуі б.д.д. 47 жылға тиесілі екенін ескерсек, өрттен аман қалған кітаптары бар болған күннің өзінде Отырар кітапханасының қорынан аз болуы мүмкін. Олай болса, Отырар кітапханасы 1000-1200 жыл шамасындай уақыт дүние жүзіндегі ең үлкен кітапхана болған!
Мың жыл деген аз уақыт емес. Рим империясынан да улкен.

Қазақстандағы алғашқы кітапхана 1883 жылы Семейде қоғамдық кітапхана болып ашылды. Алғашында кітап қоры 260 томнан ғана тұрған бұл кітапхана жылдан – жылға өсе бастады, кейіннен қоғамдық өмірдің бір орталығына айналды.

1930 жылы республикада 290 бұқаралық кітапхана болса, 1939 жылы олардың саны 3304 – ке жетті. 1939 жылы А.Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасы қазіргі Ұлттық кітапхана ашылды.

Қазақстан Республикасындағы ұлттық кітапханаға 80 жыл

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы 
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы 1931 жылы 12 наурызда Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы (ҚАКСР) Орталық Атқару Комитеті Президиумының “ҚАКСР Мемлекеттік көпшілік кітапханасын ашу” туралы Қаулысы негізінде құрылған.  1931 жылдың 5 мамырынан оқырмандарға қызмет көрсете бастады. Кітапхананың алғашқы директоры – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Жандосов. Ол кітапхана қызметінің  негізгі міндеті ретінде “Қазақстан туралы және қазақ тіліндегі барлық баспа басылымдарын жинақтау” туралы мәселе көтерді. Кітапхана осы уақыттан бастап бүгінгі күнге дейін қазақ халқының және Қазақстан халықтарының жазба мәдениетін жинақтап, сақтаушы мемлекеттік ұлттық кітап қоймасы қызметін атқарып келеді.Кітапханаға Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің “Қазақ  КСР Ұлттық кітапханасы туралы” 09.12.1991ж. N775 Қаулысы негізінде “Ұлттық кітапхана” дәрежесі берілді. Оқырмандардың жыл сайынғы келім саны  – 1 млннан  астам, кітап берілімі 2 млн. данаға жуық. Оларға 1,5 мың орындық 14 оқу залы қызмет көрсетеді. ҚР Ұлттық кітапханасы халықаралық кеңістікте әлемдегі ірі кітапханалардың бірі ретінде танымал. Кітапхана ғимараты 1971 жылы арнайы жобамен салынған. Алматы қаласындағы отандық сәулет өнерінің озық үлгілерінің  бірі ретінде мемлекеттік маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің Мемлекеттік тізіміне енгізілген.

Әлемде қанша кітапхана бар?
Халықаралық Кітапханалық Ассоциациясы және мекемелердің Федерациясы мәліметінше, дүние жүзі бойынша 569,6 мың кітапханалар бар. Қазіргі таңда “Кітапханалық” континеттер болып –Европа (440 мыңнан астам кітапханалар саны) және Солтүстік Америка (125 мыңнан астам кітапханалар саны) есептеледі. Кітапханалар саны ең аз континент болып – Африка табылады. Тек 1,2 мың кітапханалық бөлімшелері бар. Дүние жүзінің кітапханаларында 807 мыңнан аса астам адам қызмет атқарады. Жер шары кітаптардың сақталуына жылына 8,7 трлн. көлемінде қаражат жұмсайды. Кітапханалардағы кітаптар сөрелерінің жалпы ортақ ұзындығы 15 мың км кұрайды. Кітапханалардың абоненттер саны 2,5 млрдқа шейін жетеді. Бұл дегеніміз орташа есеппен жер шарының 1/3 бөлігі болып табылады. Жыл сайын кітапханалар 1,5 трлн операцияларды жасайды абоненттерге кітаптар беру, журналдар, СD және т.б. Қызықты жайт. Дүние жүзінде, жұлдызды мәртебесі бар кітапханаларда бар екен яғни, кітапханалық қызмет көрсету индексі, кітапханаларға бару көрсеткіші, материалдарды беру, интернетті қолдану т.б. Оларға АҚШ-тағы Конгресс Кітапханасы, Ресейдегі Мемлекеттік кітапханалар жатады.

 

Біз бұл слайд шоудан дүниежүзі және отандық кітапхананың даму жолын тамашаладық.

III. Адам баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Білім ұрпақтан ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы жеткен. “Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан тыйылар едік” деген еді кезінде Ғабит Мүсірепов. Кітапты таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғышарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. Өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен оқитын оқырманның қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын, комьпютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі. Адамдар кітап оқып ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Әрине мұның бәрі жауап деуге келе қоймас, өйткені, бұл себеп көзіқарақты адамның бәріне мәлім. Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюымыз да тегін емес. Мақсатымыз кітап неге оқылмайды деген сұрақтың жауабын жан-жақты іздеу. Осы жерде мен ауданымызда кітап оқу деңгейі қандай деген сұрақты аудандық кітапхананың оқу залының бас мамандары Бекболова Анипа, Мұсабаева Гүлнар ханымдарға бермекпін.

  1. Қазіргі таңдағы оқырмандардың ерекшелігі?
  2. Кітапханамызға оқырмандар қазіргі таңда көп келеді. Бұрынғы оқырмандардан ерекшелігі анау айтарлықтай ерекше емес. Біздің кітапханамызда кітаптарды бөлу бөлімі бар. Онда өңір-өңірлерге жаңадан келген кітаптарды жиі-жиі бөлумен айналысады. Кітап оқуға деген ынта-ықылас жоқ деуге болмайды.

  3. Оқырмандардың талғамы?
  4. Біздің оқырмандарымыз әртүрлі жастағы адамдар болғандықтан олардың кітапқа деген талғамдары әртүрлі. Біреулер жаңа заманға сай роман кітаптар оқыса, ал біреулер тарихи повесть-романдарға құмар. Бізде барлық түрдегі әдеби кітаптар болғандықтан оқырмандарымызды толық қамтамасыз етіп жатырмыз деп ойлаймын.

    VI. Бүкіл дүниежүзі әдеби кітап оқитын оқырманды көбейту мақсатында “Бір ел-бір кітап”, “Шексіз кітап”, “Кітапты ашық жүрегіңмен қолыңа ал”, “Ашық кітап”, “Алтын формуляр” сияқты іс-шаралар, акциялар өткізеді. Осы мақсатта сіздерде қандай іс-шаралар өткізілді?

  5. Қазіргі таңдағы кітап оқуға байланысты ең өзекті мәселе қандай?

Бұл сұраққа университеттің тәрбие істері бойынша проректоры, философия ғылымдарының кандидаты Дәулет Болысбаев:

Кітап оқу ата-анаға байланысты. Әдет-ғұрыптарды үйрететін ата-ана. Тілді үйрететін де ата-ана. Егер кітапты оқығысы келмесе, оған ата-ана кінәлі.

V. Мейірбеков Мырзабай Балтабайұлы тарих ғылымдарының кандидаты, “Сырдария” университетінің доценті:

Кітап оқымау қоғамымызға қаншалықты зиян келтіруде?

Жалпы бүгінгі көтеріліп отырған мәселе қазіргі қоғамымыздағы өте өзекті мәселелердің бірі саналады деп ойлаймын. Себебі, қазіргідей адамды ақша билеп, қарын қамын басты орынға қойған нарықтық қоғамда, кейбір адами құндылықтар өзгере бастаған заманда кітап оқудың, әсіресе көркем әдебиетті оқудың маңызы зор. Бұл әсіресе ел болашағы – жастарға қатысты. Мен әрине, жастардың қалыптасуында, олардың терең білім алуында компьютердің, т.б.техникалық құралдардың ролін жоққа шығарудан аулақпын. Бүгінгі жаһандану заманында жастарымыз техниканың “құлағында ойнауы” тиіс. Дегенмен, мынаны түсінуге тиіспіз: кез келген компьютер немесе тағы басқа техникалық құралдар, ондағы материалдар кітаптың, көркем әдебиеттің орнын алмастыра алмайды. Компьютердің алдында жастайынан ұзақ отырудың адамның денсаулығына, оның физиологиялық қалыптасуына зияндылығын айтпағанның өзінде, бұл техникалық құралдар көркем әдебиет секілді адамның жан дүниесін байыта алмайды, ойлау жүйесін, ізгі сезімдерін дамыта алмайды, ұлттық сананы қалыптастырып, ұлттық рухты оята алмайды, бір сөзбен айтқанда кітапты көркем әдебиетті оқымай, оның жауһарларымен сусындамай, ұлы Абай айтқандай, “толық адам” қалыптаспайды. Адам тек дайын дүниені игеріп, оны орындауға машықтанады, яғни роботтанады. Ондай адамдарды белгілі ақын М. Шаханов өз өлеңдерінде “компьютер басты жарты адамдар” деп атапты.

Біз кімбіз? Біз – қазақпыз, біз өркениеттік даму жолына түскен қазақпыз. Ендеше, біз Адам болу үшін, мына жаһандану заманында қазақ болып қалуымыз үшін және өркениетті ел болуымыз үшін өз ана тілімізден, ата тарихымыздан, салт-дәстүрімізден, мәдениетімізден терең сусындаған, соған терең тамыр жіберген ұлт болуымыз керек. Сонда ғана біз ұлттық рухымыз биік, елжанды, ұлтжанды, өз Отанын шексіз сүйетін патриот азамат қалыптастыра аламыз. Ал, біздің ана тілімізді, тарихымызды, салт-дәстүр, мәдениетімізді жас ұрпақтың бойында қалыптастыруда кітаптың, әсіресе көркем әдебиеттің алар орны өте үлкен. Сондықтан, қазіргі таңда ел болашағы – жастардың кітап оқуының, әсіресе көркем әдебиетті оқуының маңызы өте зор деп ойлаймын.

 

VI. Қазіргі жастардың алғырлығына, білімділігіне, қайсарлығына, ойының ұшқыр, қадамдарының қарқындылығына қарап отырып риза боламын. Қоғамда болып жатқан жаңалықтардан, қарыштап, қарқын алып дамып бара жатқан нанотехнологияны тез меңгеріп, жылдам игеріп, заман ағымына сондай қарқынмен ілесіп кету оңай емес. Ал, әдеби кітаптарды оқу мәселесіне келсек көпшілік жастар уақыт жетіспеушілігін алға тартады, жақсы туындылар аздығын сылтауратады. Әдеби кітаптар не үшін оқылмайды?

“Мен ағымға қарап жол тұтамын, кітап оқып өзімді ерекші білімді етіп көрсеткім келмейді, қейбір қажетті жағдайларда кітапты ашып қарағаным болмаса, көбінесе интернеттен пайдаланамын” - дейді келесі қонағымыз Әбдразақ Сейіт.

“Қаржы” мамандығының 1 курс студенті Әбдразақ Сейіт

“Тіл және әдебиет” мамандығының студенттері көркем әдебиетті оқуы мүмкін. Ал мен оқымаймын. Өз мамандығыма тиесілі әдебиеттерді оқимын. Өйткені, өз сабақтарымнан артылмаймын. Бір әдеби кітап оқып уақытымды босқа кетіргенше қазіргі таңда сол жазылған әдеби кітаптардың дайын кино фильмдері бар. Интернеттен де көруге болады. Бір әдеби кітапты оқып бір апта уақытымды кетіргенше бір диск сатып алып екі сағатта сол оқиғадан хабардар болғаным артық.

VII. Бейне баян тамашалаймыз.

Қазір көпшілік “Біздің кезімізде адамдар кітапты көп оқитын, ал бүгінгі ұрпақ мүлде басқа, киноны көп көреді және оны саналы түрде дұрыс қабылдай алмайды, клиптік санаға бейімделген”, - дейді. Мен бұл пікірмен толық келіспеймін. Меніңше қазіргі жастар кез келген ақпаратты қағып алады, назардан тыс қалдырмайды. Мүмкін ой тереңдігі таяздау шығар, бірақ бұл жас ұлғая келетін дүние. Уақыт өзгерді, ақпарат тез таралып, тез қабылданады. Адамдар да тез әркетке үйренді. Әр дәуір өз эстетикасын алға тартады. Мүмкін бұл жаңа дәуірдің жаңаша сипаттамасы шығар. Сіздер қалай ойлайсыздар?

  1. “Соңғы он жылдықта бүкіл әлемде соның ішінде кітап оқуға қызығушылық азая бастағаны байқалады. Кітап оқу бос уақыт өткізу түрі ретінен гөрі іскерлік оқуға ойысты, ақпараттық және білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ғана оқу жиі кездесетін болды. Оқушылар, студенттер көбінесе оқу залдарында тапсырылған тақырып бойынша реферат, баяндама, шығарма жазуға ғана келеді. Кітап оқымайтын адам сауатсыз, ойлау қабілеті төмен, шығармашылық қиялдауы шектелген болып келеді, сондықтан мен кітап оқуды әдет етіп алғанмын” - дейді біздің келесі қонағымыз Тойшиева Гулнур.

IX.. “Биология” мамандығының 2 курс студенті Тойшиева Гулнур.

  1. Қандай ақын-жазушылардың шығармаларын көп оқисыз?
  2. Көркем әдебиет маған күш-жігер береді. Ұлы Абай айтпақшы, “Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректі” дарытатын көркем әдебиет. Көркем әдебиеттің адам баласына тигізер әсері қалай? Көркем әдебиеттің оқылмаудың салдары қандай деген сұрақтарға жауап беретін болсақ. Қазірде көркем әдебиет оқылмайды. Кеңес үкіметі кезінде көркем әдебиетті іздеп жүріп оқитын болған. Міне сол кездегі адамдардың рухы, жігері мықты еді. 1941-1945 немістерді қалай жеңдік десеңші. Тек Сталиннің қаталдығының арқасынан жеңдік десек қателесесіз. Сол кезде көркем әдебиет оқылған соның арқасында рухы мықты жауынгерлер жауға қарсы тұра алған. Кешегі желтоқсан оқиғасында жастардың бас көтеруіде рухының мықтылығында. Көрдіңіздерме көркем әдебиеттің адам баласына тигізер әсері.

    Қазірде көркем әдебиеттің оқылмаудың салдары. Жастар қазірде психологиялық кедергіге ұшырайды. Одан шығатын жол таба алмайды. Содан соң әртүрлі секталарға кіріп кетуі де содан. Егерде біз көркем әдебиетті оқытуды қолға алмасақ жастарымыз әртүрлі секталарға кіріп кетуі мүмкін.

  3. Соңғы оқыған әдеби кітабыңыз?
  4. Мен негізі роман кітаптарды сүйіп оқимын. Ең соңғы оқыған әдеби кітапбын бұрында да оқығамын И. Есенберлиннің “Көшпенділер” романы. Ол роман тарихитан сөйлейтін болғандықтан маған қатты ұнайды.

     

    X. Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев “Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты” деп айтып кеткенде еліміздің тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор екенін айтқан болар. Осы тұста жастар неге әдеби кітап оқымайды? Деген сауалдың жауабын жан-жақты білу мақсатында ұстаздар қауымының пікірін білу үшін Орынкүл Өтегенова ханымды шақырған болатынбыз.

    1. Студенттердің әдеби кітапқа қызығушылығын арттыру үшін қандай әдістерді қолданған жөн деп ойлайсыз?

    Қай ұстаз болмасын, кітап оқы дейтінін, ал көркем әдебиетті оқы деп айтпайтұғынына тоқталды. Мәселен, түк сөйлей алмайтын студенттер бар. Біз айта алмаймыз дейді. Бірақ, бәрін де білемін, дейді. Бұның себебі, көркем әдебиеттің бетін ашпағандықтан деп білемін. Көркем әдебиет оқыған жастың сөз байлығы да мол болады. –Жалпы алғанда, көркем әдебиетті оқуды, талдауды тәрбие сағаттарында пайдалану керек. Әдеби кітапқа деген сүйіспеншілікті ояту қажет.

  5. Шебер оқырман болу үшін оқырманның бойында қандай қасиеттерді ұстаздар қауымы дамыту қажет?

  Мұғалім – мектептің жүрегі. Ол  - жас ұрпақты  білім нәрімен сусындатып, болашаққа жан-жақты дамыған, толыққанды азамат етіп қалыптастырушы. Ендеше осындай өте жауапты істі мойнына алып отырған мұғалімнің  заман талабына сай болуы оның үнемі өзіндік білімін жетілідіріп, үнемі ізденіс үстінде болуын қажет етеді. Жас ұрпаққа ұстаздар әдеби кітап оқуды талап ете білу керек. Оқыған әдеби кітаптарды тәрбие сағаттарында талқылап отыру қажет. Сонда ғана көздеген мақсаттарымызға жетеміз деп ойлаймын.

XI. Қортынды:

Соңында келген қонақтарымызға қорытындылау үшін “Ұлт”, “Азамат”, “Ел”, “Болашақ”, “Рухани” деген сөздер берілді.

“Қаржы” мамандығының 1 курс студенті Әбдразақ Сейіт:

Ұлт болашағы білімді жастар қолында!

“Педагогика және психология” кафедрасының оқытушысы Өтегенова Орынкүл:

Маған “Рухани” деген сөз берілген екен “Кітап ең күшті рухани байлық деп білемін!”

Аудандық кітапхана қызметкерлері: Бекболова Анипа, Мұсабаева Гүлнар:

Ел ертеңін ойлар жастар тәрбиелейік құрметті ұстаздар!

“Биология” мамандығының 2 курс студенті Тойшиева Гулнур:

“Азамат” деген сөз берілген екен намысын жібермейтін қазақ азаматтарымыз көбейсін!

Мейірбеков Мырзабай Балтабайұлы тарих ғылымдарының кандидаты, “Сырдария” университетінің доценті:

Маған “ұлт” деген сөз беріліпті. Біз “қазақ” деген ұлтпыз және өркениеттік даму жолына түскен ұлтпыз. Қазіргідей жаһандану заманында біз ұлт болып қалуымыз үшін өз елінің тілінен, тарихынан, мәдениетінен, әдебиетінен сусындаған, оған терең тамыр жіберген ұрпақ қалыптастыруымыз керек. Ал, ондай ұрпақ тәрбиелеуде кітаптың, көркем әдебиеттің алар орны ерекше. Сондықтан жастар міндетті түрде кітап, көркем әдебиет оқуы қажет деп есептеймін.

Міне бүгінгі ток-шоуымыз барысында, оқырманның деңгейі қандай, бүгінгі әдеби кітаптың оқылу жағдайы қандай екенін байқадық. Кітап оқымайды деп байбалам салғанша жан-жақты болып қызмет жасауымыз керек.Оқырман мен кітап оқушы қоғамды қалыптастыру үшін ата-ана, ұстаз, кітапханашы қызметі жоғары дәрежеде болуы қажет. Әрине сауалдар мен себептер көп, одан қалды түрлі сылтауларда жетіп жатыр. Ал осы себептердің ар жағынан әдеби кітаптың оқылуы үшін кім қандай күш жұмсауы тиіс деген қисынды сауал туады. Қазақтың көркем тілі – қазақ тілі қазақтың көркем әдебиетінде. Ал әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың өзіне керек. Қазіргі қазақ қоғамының алдында жас ұрпақты кітапқа, оның ішінде қазақ тілінде жазылған кітапқа баулу мәселесі тұр. Құрметті көпшілік қауым барлығымыз осы мәселені шешуге ат салысайық.

Видео
Скачать видео (6:47)


Басқа жаңалықтар

Жеңістің – 67 жылдығына орай
15 сәуір - қазақтың махаббат мерекесі
29.03.2012 ж. қонақтармен кездесуі
25-27 наурыз, Психологтардың тренингі
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ НАУРЫЗ
23.02.2012 жылы “Кітапхана, студент және ұстаз” атты тақырыпта пікір-сайыс өткізілді
«Есірткіге есің кетпесін» акция
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу
КЕҢ БОЛСАҢ, КЕМ БОЛМАЙСЫҢ
Оқытушылар арасында «Сөз мерген» тіл-танымдық сайысы
Ақтық сын «Сөз мерген» тіл-танымдық сайысы
Магистрант арасындағы «Сөз мерген» тіл-танымдық сайыс
«Сөз мерген» тіл-танымдық сайыс
Мұқағали Мақатаев 81 жаста
«Екі жұлдыз» байқауы
Сайлауалды кездесу
Семинар «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы»
Сайлаудың қорытындысын талдау
«Дамудың сенімді кепілі - жастар» атты дебат турнирі
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты»
«Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу» атты тақырыпта кездесу
Елбасының жолдауы – халықты қолдауы
«Тәуелсіздік тірегі - жастар» атты автошеру
«Жалындаған жастар» атты жаңа жылдық кеш
«Өзің үшін маңызды, елің үшін маңызды» атты акция
«Жаңа жыл – жаңа белес»
“Тәуелсіздіктің жиырма шыңы” күнтізбесі
“Дипломмен ауылға” “Ауыл тынысы”
“Түлектеріміз – мақтанышымыз”
«БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚҚА - 20 ЖЫЛ»
Пән аралық олимпиада нәтижесі туралы мәлімет
Пресс-Релиз ақпараттық жүйілер
29.10.2010 - Инновалиялық зерттеу орталығы
5В012000 "Кәсіптік білім" мамандығы ашылды
“Сырдария” университетінің электронды кітапханасы
“Сырдария” университетінің КАТАЛОГЫ
Интерактивті мультимедиа тақтасын оқыту процесінде пайдалану