қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

22.09.2012

«Сырдария» университетінде «Тіл апталығы» өтуде

22 қыркүйек — Қазақстан халықтарының тілдері күні. Осыған орай «Сырдария» универитетінде жастар комитетінің ұйымдастыруымен тіл апталығы өтіп жатыр.
17 қыркүйек күні апталықтың ашылуына орай «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген ұранмен студент жастар қазақ тілінде диктант жазуды жөн көрді.

Басқосуда оқу орнының тәрбие істер жөніндегі проректоры Дәурен Әбдіғали жиналғандарды мерекелерімен құттықтап, оқу орнында мемлекеттік тілді дамытуға байланысты атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, қазақ тілін бұзбай шұбарламай қаз-қалпында болашақ ұрпаққа жеткізу жастардың қолында екенінде айта өтті. Содан соң, «Қазақ тілі мен әдебиет» кафедрасының оқытушысы Байболова Айжан аудиторияға жиналған студент жастардан диктант алуға кірісті.
Диктанттың қорытындысы апталықты қорытындылауға арналған мерекелік іс-шарада жарияланатын болады.




Басқа жаңалықтар





Археология

Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу