қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














22.09.2017

Тіл – ұлт бірлігінің ұйытқысы
Тіл – ұлттың жаны. Тіл болмаса, ұлт та болмайды


2017 жылдың 21-қыркүйегінде "Гуманитарлық білім" факультеті және "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының профессор-оқытушылары мен белсенді студенттерінің ұйымдастыруымен 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай "Тіл – ұлт бірлігінің ұйытқысы" атты тақырыпта мерекелік іс-шара болып өтті.

Мерекелік кеш Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылып, тіл жанашырларының әнімен, биімен жалғасты. Қазақ тілінің ұлттық мәртебесі, үш тілділік, латын әліпбиі жөніндегі ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің және елбасының пікірлері бейнебаян арқылы көрсетіліп, тыңдалды.
Неміс, корей, қазақ, өзбек, татар, грек, тәжік ұлтының өкілдері қазақ тілі туралы шығармашылықтарын оқыды. Тілдің тағдырына бей-жай қарай алмайтын жастар арнау өлеңдерімен кешті жандандыра түсті.
Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан ұлттардың биі, әні көрерменнің көңілін көтерді.
Университеттің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері "Тіл жанашырлары" атты сахналық қойылым көрсетіп, көптің көкейіне терең ой салды.

Айтулы мерекеге байланысты көрермендерге "Сөз маржанының" сұрақтары қойылып, кештің мәні ашыла түсті. Ал сұрақтарға дұрыс жауап берген студенттер арнайы сыйлықтарға ие болды.

Тәуелсіз елдің болашағын жасайтын, кейінгіге жеткізетін адамзаттың әрекеті қашан да бағалы болмақ.















Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2017 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу