қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English
^ Жоғары шығу

22.09.2016

Тіл мерейі – ел мерейі

22 қыркүйек күні "Сырдария" университеті "Қазақстан" студенттер сарайында "Гуманитарлық білім" факультеті мен "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының ұйымдастыруымен егемен еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жылдығына орай, 22 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне байланысты "Тіл мерейі – ел мерейі" атты әдеби-сазды, танымдық кеш өткізілді. Кеш қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілді. Университетіміздің "Назерке" би тобының биші қыздары кештің сәні мен ажарын аша түсті.

Тіл – табиғатынан ұлттық құбылыс, сондықтан да кез-келген ұлттың ерекше болмысын, рухани байлығы мен мәдени дәстүрін тіл арқылы танытуға болатыны "Қазақстанның болашағы қазақ тілінде" бейнебаянында тамаша берілген.

4 курс студенттері Қамбар Динара мен Егемқұл Ақбота Абайдың "Көзімнің қарасы" әні, "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының оқытушысы, ғылым магистрі Нұрбек Мұратбек пен Саулетова Гауһартастың орындауындағы Абайдың "Желсіз түнде жарық ай" әнін үлкен ықыласпен орындап, көрермендерді ерекше сезімге бөледі.

"Елбасы – ел тірегі, тіл тірегі" атты арнайы бейнебаянда Елбасының парасатты басшылығының, шебер саясатының нәтижесі баяндалған.

Студенттер "Тіл мерейі – ел мерейі" атты поэзиялық композициясын мәнермен, үлкен сезіммен орындап шықты.

Алаш қайраткерлерінің, ұлт зиялыларының "Тіл туралы сырласу" сәтінен сахналық көрінісі де сәтті шықты.

Тіл мерекесіне арналған әдеби-сазды, танымдық мәдени іс-шарамыз "Қазақ елі осындай" әнімен аяқталды. Кеш соңында барлығы естелікке суретке түсті.

Басқа суреттер (20)


Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz