қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














22.04.2017

Академиялық ұтқырлық жұмыстары жүргізілуде


Үстіміздегі жылдың 10-21 сәуір аралығында сыртқы академиялық ұтқырлық мақсатында университетіміздің бірқатар профессор-оқытушылары, атап айтар болсақ, п.ғ.к., доцент, "Педагогика және психология" кафедрасының аға оқытушысы - Тленчиева Нұржамал Сейдалықызы, "Құқық және экономика" кафедрасының аға оқытушысы – Бакиров Ержан Амангелдіұлы және "Тілдер" кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к., доцент – Авдонин Владимир Викторович Қырғыстан Республикасындағы Махмұд Қашқари –Барскани атындағы Шығыстану университетінде дәріс оқып, тәжірибе алмасып қайтты.
Дәріс "Психология және тұлғаның дамуы" (2 кредит), "Менеджмент" (2 кредит) және "Орыс тілі" (2 кредит) пәндері бойынша оқылды.



Сонымен қатар, Шығыстану университетінде "Кыргызстандағы ойчул аалымдардын, философтордун жана окумуштуулардын адеп-ахлактык маданий мурастары – студенттик илим жана билим берүүдөгү векторү" атты студенттер, аспиранттар және жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Аталған басқосуға университетіміздің профессор-оқытушылары қатысып, баяндама оқыды.





Қырғыстандық оқытушылар оқу ордамызда


Университемізге 2017 жылдың 20 сәуір мен 3 мамыр аралығында Қырғыстан Республикасындағы Махмұд Қашқари-Барскани атындағы Шығыстану университетінен "Тілдер" кафедрасының доценті Асанкулова Сыйна Сабеновна, "Тілдер" кафедрасының доценті Ташиева Джамиля Кулназаровна, "Қолданбалы информатика, математика және ЖД" кафедрасының аға оқытушысы Тургунбаев Эмилбек Кадрбекович дәріс оқыды.
Дәріс "Жасерекшелік психологиясы" (3 кредит), "Шет тілі А1,А2" (3 кредит) және "Компьютер архитектурасы" (3 кредит) пәндерінен оқылды.

Сонымен қатар, қонақтар оқу ордамыздың оқу ғимараттарын, кітапхана, мұражай және инновациялық ғылыми-зерттеу орталықтарымен танысып шығып, университетіміздің мақсаты айқын, болашағы жарқын екендігіне көз жеткізді.







Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2017 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу