қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














22.03.2017

Көктем мерекесі – Наурыз


Наурыз мерекесі – Ұлыстың ұлы күні. Бүкіл тіршілік түрленіп, жаңа өмірге бастау алатын ғажайып кезең. 22 наурызда күн мен түн теңесіп, жаңа жылдың жаңа таңы атады. Елдігімізді паш етіп, ұлттық сананың жаңғыруына септігін тигізер төл меркемізді университетіміз лайықты қарсы алды.

Оқу ордамыздың студент жастары мен ұстаздар қауымы Қазақстан студенттер сарайының алдындағы жазғы сахнада алдына жиналып, мерекелік концертті тамашалады. Ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріміз, күрес ойындары ойналып, көрмелер ұйымдастырылды.

Мақтаарал ауданының әкімі Ғалым Исмаилов, университет құрылтайшысы Есенкүл Сейілқызы және экономика ғылымдарының докторы, профессор Бегім Серіков жиналған қауымды Наурыз мерекесімен құттықтап, университетіміздің студенттері мен оқытушыларына үлкен жетістіктерге жетіп, мәңгілік елдің бір тетігі болып қалануына шынайы тілектестіктерін білдірді. Мерекелі де мол дастарханнан ел ағалары мен игі жақсылары дәм татып, баталарын берді.

Университетіміздің жатақханасында да наурыз мерекесі үлкен дайындықпен тойланды. Сахнаның безендірілуі көз тартады. Жатақхана студенттері үш топқа бөлініп, ұлттық тағамдардан мерекелік дастархан жайып, көріністегі рөлдерін шебер орындау арқылы көрермендердің ықыласына бөленді. Қонақ ретінде Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор М. Нұрбек "Өнер" факультетінің деканы Ұ. Сапарбаева, "Музыкалық білім" кафедрасының меңгерушісі, профессор Бөрі Иса, "Гуманиарлық білім" факультетінің деканы К. Исаева және "Жаратылыстану және математика" факультетінің деканы, г.ғ.к., доцент А.Тажекова шақыртылып, жайылған дастархан мен көрсетілген өнерлеріне баға беріліп, орындар белгіленді. Наурыз мерекесінде қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері, әсіресе, күрес, арқан тарту ойындары өте тартысты өтті.

Студент жастар естелік ретінде суретке түсіп, хош көңілмен тарқасты.

"Сырдария" университетінің баспасөз хатшысы Ш.Ж. Қалыбекова

Фотогалерея, 20 сурет



Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2017 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу