қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

22.02.2016

"Ән көгінің сұңқары - Шәмші"


Аса көрнекті сазгер, ән жырының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі Шәмші Қалдаяқов.

Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, ән әлемінің падишасы атанған бірегей талант иесі, қазақ халқының ұлы мақтанышы ол Шәмші аға. Университетімізде ән әлемінің падишасы Шәмші ағамызға арналған шығармашылық кеш болып өтті.

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Саған шөлдеп, айызым тамсанады.
Өкініш пе білмеймін, қуанышпа
Өз – өзімнен жүрегім ән салады

деп музыкалық білім мамандығының студенттері "Арыс жағасында", "Бақыт құшағында", "Қуаныш вальсі", "Ақ бантик", "Құшақ жайған қандай адам", "Бәрінен де сен сұлу", "Қайықта" атты әндерін тамылжыта орындады.

Ұлы дарын өмірден өткенімен, көңілден кетпеді. Халқымыздың әсем әуенімен әлдилеген ұлын, атамекені әлдилеп жүр. Оған дәлел қыстың құлазытар қара суығында жылытатын Шәмші әуендері болмақ. Музыкалық білім мамандығының 2-курс студенті Орынбасар Ислам "Сыған серенадасы" әнін нақышына келтіріп орындады. Сахна төрінде мың бұралған "Назерке" би тобы, "Өнер серілері" КВН командасы өз өнерлерін көрсетті.

Шырқалса әнің қалада, дархан далада
Тыңдайды ұйып, бесікте жатқан балада
Соңына өшпес рухани мұра қалдырдың
Тірісің мәңгі, тірісің мәңгі жан аға.

Қазақ халқының ұлы мақтанышы Ш. Қалдаяқовты еске алу кеш өз мәресіне жетті.

Дәстүрлі ән кеші "Өнер" факультетінің деканы Сапарбаева Ұлданай Әлібекқызының бастауымен болып өтті.

Университеттің баспасөз хатшысы Г.Алтынбекова


Басқа жаңалықтар


Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Каржы орталыгы

free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz