қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












03.03.2020

2019-2020 о.ж. 5В011000-"Физика" мамандығында оқитын студент Тәліп Динара педагогикалық практиканы өтуде

27.01.20 – 04.04.20 жыл уақыт аралығында "№1 М.Горкий атындағы мектеп-гимназия" КММ-нің Физика мамандығының 4 курс студенті Тәліп Динараның педагогикалық практикасындағы жаңартылған бағдарлама бойынша өткен сабақтары. Жаңартылған бағдарлама бойынша студент сабақ тақырыбын, сабаққа негізделген оқу мақсатын, құндылықтарға баулуын, пәнаралық байланыстарын, алдыңғы білімдерін, жоспарланған сабақ кезеңдерін жақсы ұйымдастыра білді. Сабақтың барысында үй тапсырмаларын қима қағаздар арқылы сұрақтар берілді. Сұрақтарда дыбыстың сипаттамалары жайлы әңгімелеу, инфрадыбыстар мен ультрадыбыстар жайлы не білеуіміз керек, жаңғырық дегеніміз не, - деген сұрақтар қойылды.


Үй тапсырмасын сұрау барысы

Жаңа сабақты түсіндіру барысында үштілділікті пайдаланып сабақ тақырыбына байланысты физикалық жаңа терминдер қолданылды.
Electromagnetic field – электромагнитное поле-электромагниттік өріс
Electromagnetic wave-электромагнитные волны-электромагниттік толқын
Intensity –напряжение- кернеулік
Induction vector –вектор индукции - индукция векторы
Vacuum – вакуум- вакуум
Propagation speed of electromagnetic-скорость распространения электромагнитных волн- электромагниттік толқынның таралу жылдамдығы
Energy – энергия- энергия
Period – период - период
Frequency of fluctuation –калебания частоты- тербеліс жиілігі
Inductance –индуктивность- индуктивтілік

Сабақтың ортасында Электромагниттік толқындарды - байланыс тізбегін құрайтын екі сымның арасындағы электрлік және магниттік өрістер бір-бірімен белгілі бір электромагниттік энергия мөлшерінде байланыста болатын толқын.

Максвеллдің электромагниттік өріс теориясының түйіні:
1.Өзгеріп отыратын магнит өрісі кеңістікте өзгеріп отыратын электр өрісін тудырады.
2.Өзгеріп отыратын электр өрісі кеңістікте өзгеріп отыратын магнит өрісін тудырады.

Өзгеріп отыратын электр және магнит өрістері әр уақытта да өзара байланыста болады, сондықтан олардың ажырамасы бірлігін электромагниттік өріс дейді.

Электромагниттік өрісті көрнекі түрде бейнелеу үшін оны, бір жағынан, электр өрісінің кернеулік векторы арқылы, екінші жағынан, магнит өрісінің индукция векторы арқылы сипаттап кескіндейді.


Практикант электромагниттік өрістің физикалық мағынасын сызба түрінде көрсетуде

Айнымалы электромагниттік өрістің кеңістікте таралуы электромагниттік толқын деп аталады. Электромагниттік толқындардың қасиеттері: электромагниттік толқын әртүрлі заттарда, вакуумда да тарала алады; электромагниттік толқындар – тек көлденең толқындар.

Вакуумдағы электромагниттік толқындардың жылдамдығы 3∙108 м/с.

Электромагниттік толқындар энергия тасиды. Вакуумға қарағанда заттағы электромагниттік толқынның таралу жылдамдығы аз болады және ол мына өрнекпен анықталады.



Жаңа сабақты түсіндіру үстінде

Электромагниттік толқындар шкаласы. Радиотолқындар, микротолқындар, инфрақызыл толқындар, ақ жарық, ультракүлгін толқындар, рентген сәулелері, гамма-сәулелері.


Ақ жарықтың түстерге жіктелуі.

Жарық дисперсиясының екі мағынасы бар: 1- күрделі ақ түсті спектрге ажырату құбылысы, 2-заттың сыну көрсеткішінің түсетін жарықтың толқын ұзындығына тәуелділігі.

Жаңа сабаққа байланысты кестелік тапсырмалар берілді. Тапсырмаға қатысты жаттығу есептерін шығарды.

Сабақты бекіту барысында "Қар кесегі әдісі" бойынша тақырыптық сұрақтар қима қағаздарға дайындалып қойылған.

Кері байланыс:

Білім қоржынына оқушылар: Өте жақсы түсіндім, мен үшін қызықты болды (Қызыл қоржын); Мен сабақты жақсы түсіндім (Көк қоржын); Тақырып бойынша әлі де ізденуім керек (Сары қоржын), - деген қоржындарға өздерін бағалады.

Қорыта келе, Тәліп Динара болашақта физика мамандығын толық меңгерген маман болады деп сенеміз.

Авторлары: п.ғ.к., доцент Бердалиева Т.Д., ғ.м., аға оқытушы Динасилова М.Б.




Бітіруші тyлектер

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар






Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 9.
Телефон: 8(72534) 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу