қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












27.11.2019

"Сырдария" университеті "Сала көшбасшысы – 2019" марапатының иегері

"Сырдария" университеті "Ұлттық бизнес-рейтинг" атты халықаралық рейтингтік бағдарлама құрастырған Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының 2018-2019 жылдар қорытындысы бойынша "жоғары білім" санатында жалпы мемлекеттік екі рейтингте "күміс рейтингіне" енді.

Қазақстан Республикасының салық төлеушілерін жалпы мемлекеттік саралаудың қорытындысы бойынша "Сырдария" университеті "Сала көшбасшысы – 2019" марапатының иегері атанды. "Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының ТОП-25" рейтингісінде "Мемлекеттік қазынаға қосқан үлесі" көрсеткіші бойынша 16-шы (Күміс), ал "Сенімді салық төлеуші" көрсеткіші бойынша Қазақстандағы кәсіпорындар арасында 17-ші (Күміс) орынды иеленді.

Ұлттық бизнес-рейтинг – жыл сайын өтетін жалпы мемлекеттік тәуелсіз кешенді рейтингтік бағдарлама. Бағдарлама Мемлкеттік статистика қызметінің ресми мәліметтеріне сүйеніп Қазақстан экономикасының көшбасшыларын анықтайды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы "Ұлттық бизнес-рейтинг" ұйымдастыру комитетінің "Кәсіби танылу" орденімен "Сырдария" университетінің Президенті Сейлова Есенкүл Сейілқызы, "Еңбегі мен жетістігі үшін" медальмен бас есепші Байсалова Атиркул Абдирахмановна марапатталды. Жоғары кәсіби шеберлігі, адал жұмысы үшін кәсіпорынның оң имиджін қалыптастыруға үлес қосқаны үшін есепші Бабашев Исатай Мутанович пен шаруашылық істері бойынша проректор Жұмабаев Дархан Жиенбайұлы "Жыл маманы – 2019" атанды.

Университет ұжымын нарық саласында жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз!





Университет баспасөз хатшысы Ү.Н.Досан




Бітіруші тyлектер

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар






Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 9.
Телефон: 8(72534) 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу