қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












03.10.2019

ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ

Қазан айының 3-жұлдызында "Сырдария" университетінде "Ұстаз –ұлы есім" атты мерекелік шара өтті. Шараға "Сырдария" университетінің негізін салушы, п.ғ.д., пофессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, Түркістан облысының мәслихаты депутаты Оңалбай Аяшев, Жетісай қаласының әкімі Тұрышбек Елшібаев, "Нұр Отан" партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Асауов, "Жеті сыр" газетінің бас редакторы Жаппар Ғаппар, "Жаңа Жетісай" газетінің бас редакторы Алтынбек Тастанбеков, университеттің профессор-оқытушылары мен студен-жастары қатысты.

Университетіміздің оқу және оқу әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Серік Дәулетұлы ректордың атынан ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

 Кәсіби мереке қарсаңында білім және ғылым саласына өздерінің елеулі үлестерін қосып, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, әрі өнегелі тәлім-тәрбие беріп жүрген ұлағатты ұстаздарға "Үздік педагог" төсбелгісі, алғыс хаттар мен грамоталар және сыйлықтар табыс етілді.

Шәкірттер санасына білім сәулесін шашып, ғылымның шырағын жағып жүрген ұлағатты ұстаздарға ақ тілектер мен ыстық ықылас білдірген білім ордасының студенттері мерекелік концерт ұйымдастырып, жиылған қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Білім мен ғылымға арнаған істеріңіз абыройлы болып, құрметтеріңіз әрдайым арта берсін! Болашақтың тұғыры жастарымыз білімді де іскер болсын! Тәуелсіз еліміз көркейіп, өркендей берсін!
     Мерейлi мерекелерiңiз құтты болсын, қымбатты Ұстаздар!











Бітіруші тyлектер

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар






Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу