қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












02.10.2019

Қарттар күнінде қамқорлық көрсетті

"Сырдария" университетінің Жастар бөлімінің басшысы Бектеміс Мейірхан студент-жастармен Қарттар күніне орайластырып, қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Жетісай ауданындағы жалғыз басты қарияларымыздың есігін қаққан бір топ студенттер азық-түлігімен қоса, қарияларға өз ыстық лебіздерін білдіріп, тамаша әндерін аямады. Студенттер жалғыз басты қария ІІ-топ мүгедегі Бейбасар Бұрқанов пен жалғыз басты қарт ананың шаңырағына барып, бір сәт сұхбат құрып, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Игі бастамаға мұрындық болып, іске асырған жастарға қарттар батасын беріп, алғыстарын білдірді.

Жалыны қайнаған өскелең ұрпақтың үлкенге деген құрметі, қамқорлығы бұдан кейін де жалғасын табатыны анық. Қазыналы қарияларымыз барда еліміз мәңгі жасамақ.













Бітіруші тyлектер

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар






Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу