қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












27.09.2019

Әлем таныған Әуезов

Қыркүйек айының 27-жұлдызында "Сырдария" университетінде заңғар жазушы, қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туылған күніне орай ұйымдастырылған әдеби кеш өтті. Шараға Бірінші проректор-ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Р.Абишева, Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор С.Мамраимов, Ғалым хатшы Л.Абенова, "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының оқытушылары мен студент-жастар қатысты.

Кітапхана бөлімі және "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының ұйымдастыруымен өткен кеште М.Әуезов шығармаларынан "Қарагөз-Сырым", "Абай мен Тоғжан" атты үзінді сахналық қойылымдар көрсетілді.

"Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының студенттері қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының ірге тасын қалаушылардың бірі, академик, филология ғылымының докторы, профессор, аудармашы Мұхтар Омарханұлы Әуезовке арнау өлеңдерін көпшілікке тарту етті.

Шара барысында студенттер М.Әуезов толғаған қазақтың кең байтақ даласының баласы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын Ұлы Абайдың "Қаракөз", "Желсіз түнде жарық ай" әндерін нақышына келтіріп шырқады.

Кеш соңында Бірінші проректор-ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Р.Абишева ұйымдастырушыларға алғысын айтты. Осылайша, қазақ әдебиетін әлемге әйгілі еткен Әуезовтің есімін ұлықтауға арналған әдеби іс-шара жоғары деңгейде өтті. Қазақ ұлты барда, ғұлама жазушының асыл мұрасы мәңгілік жасай бермек.









Бітіруші тyлектер

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар






Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу