қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












26.09.2019

"WELCOME PARTY" таңғажайып кеші өтті

2019 жылдың 26 қыркүйегінде "Сырдария" университетінде "Қазақстан" студенттер сарайында "WELCOME PARTY" атты таңғажайып кеш болып өтті.

Кештің негізгі мақсаты университетке жаңа түсіп жатқан І-курс студенттерін бір-бірімен таныстыру, ән салдырып, би билеп, түрлі ойындар ойнатып, өзара тіл табыстыру және достастыру.

Бұл концерт барша көрермендерді таңғажайып, сиқырлы әуендермен қауыштырып, ерекше сезімге бөледі. Концерт барысында "Белгісіз жан", "Сүйші мені", "Тамаша", Оргинал триосының "Сырғаның сыңғыры", "Биле ламбада" т.б. әндер шырқалды.

Сазы мен үні, мінезі мен музыкасы үйлескен кеште Жастар бөлімінің басшысы М.Бектеміс белсенді студенттерге алғыс хат табыстады.

І-курс студенттерін достастыру мен ұйымшылдыққа ұйымдастыру үшін мақсаттанған кеш ойдағыдай өтті. Кеш барысындағы ән-би, ойын аяқталғаннан кейін барлық студенттер ашық аспан астында барлығы жаппай би биледі. Кешке жиналған студенттердің көңіл күйіне қарай, ауа райы да әдемі көрінісімен үйлесіп, қызарып батқан күн мен жастардың алабұртқан түрлері ашық аспан астындағы кешпен жарасым тапты.

















Бітіруші тyлектер

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар






Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу