қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












06.09.2019

Президент жолдауы талқыға салынды

Қыркүйек айының 6-жұлдызында "Сырдария" университетінде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2-қыркүйек күнгі жолдауын талқыға салған жиын өтті.

Жаңа оқу жылын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауымен танысудан бастаған "Сырдария" университетінің ұжымы Жолдауда аталған міндеттерді жан-жақты талқылады.

Оқу ордамыздың экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Халықберді Бердібеков мемлекет басшысы ұсынған 5 бағыт бойынша пікірін білдіріп, университетіміз игі бастамаларды толықтай қолдайтынын жеткізді.

"Жолдаудың азаматтардың тұрмыс-тіршілігіне, өмірлік маңызды мәселелерге және әлеуметтік қорғалуына бағдарлануы бізді қатты қуантты. Президенттің жолдауы Қазақстанның болашақта дамуында маңызды рөл атқарады деп есептейміз және еліміздің үлкен жетістіктерге жететініне, уақыт өте келе алға жылжып, әлемнің дамыған елдерінің қатарына енетініне сенеміз" дейді т.ғ.к., доцент Мырзабай Мейірбеков.

Сонымен қатар, жиында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Омар Есенбеков, университетіміздің бірінші проректор – Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Роза Абишева, "Дизайн және өнер" факультетінің деканы Жанар Небесаева Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын қолдай отырып, баяндамалар оқыды.

Мемлекет басшысының Жолдауын талқылаған университет ұжымы  Жолдауды және алдағы бастамаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.








Бітіруші тyлектер

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар






Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу