қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












02.09.2019

Білім. Ғылым. Жастар

"Сырдария" университетінде 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға университет ректоры, проректорлары мен факультет декандары, ұстаздар мен студенттер және ата-аналар қатысты.

Салтанатты шараның шымылдығын университет ректоры, профессор Дайырбеков Серік Сансызбайұлы құттықтау сөзімен ашып, оқу орнының бүгінгі жетістіктері және алдағы мақсаттарын айқындап, жастарға білім жолында сәттіліктер тіледі.

Осы орайда айтып өтер жайт университетімізге биылғы оқу жылында 900-дей студент қабылданса, оның 56-сы грант иегерлері болып саналады.

Бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағына әсер ететін жауапты кезеңнің бастамасы. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге әр адамның өмірінде жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталып отыр.  

Бүгінгі заманның талабы – бәсекеге қабілеттілік екені шындық. Осы орайда, дамыған елдердің білім-ғылымын, озық технологияларын игеру, оны  танып-біліу қажет. Қазіргі жаһандану үдерісінде білімді де білікті, кәсіби шеберлігі жоғары, өзіндік ғылыми көзқарасы мен пайым-талғамы биік мамандар тәрбиелеу жолындағы іс университетіміздің оқытушы-профессорлық құрамының басты мақсаты болмақ. 

"Ел Тәуелсіздігінің тұғырлы болып,  қазақ елінің өркендеуі жастардың қолында", - деп Елбасымыз айтқандай, "қоғамымызда ғылыми жастар элитасы шоғырланса, еліміз дамыған отыз елдің қатарынан көрінері анық".

Ендеше біздің студент-жастарымыз алдағы уақыттарда білім және ғылым жолында  көптеген толағай табыстарға жетеді деген ойдамыз, әрі олардың биік шыңдарды бағындырарына сенімдіміз.

Салтанатты шара барысында университеттің Жастар бөлімінің ұйымдастыруымен шағын концерт ұсынылып, жиылған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Тағы бір оқу жылы басталды, яғни бұл болашаққа нық қадам жасаған, кешенді даму жоспары қалыптасқан университетіміздің тағы бір биік белесті бағындырар асуға апарар даңғыл жолы деп білеміз!






Бітіруші тyлектер

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар






Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу