қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












28.08.2019

Ғылыми кеңестің ашық мәжілісі өтті

2019 жылдың 28 тамыз күні "Сырдария" университетінде ректор Серік Сансызбайұлының төрағалығымен Ғылыми кеңестің ашық мәжілісі болып өтті. Аталмыш жиынға университет проректорлары, профессор-оқытушылар құрамы, кафедра меңгерушілері және университет ұжымы қатысты.

Күн тәртібінде қарастырылған басты мәселелер:

Ғылыми кеңестің құрамын бекіту;

Университеттің Стратегиялық даму жоспарының орындалу барысы және университет ұжымының осы оқу жылына арналған міндеттері туралы;

2019-2020 оқу жылына Ғылыми кеңестің, Ректораттың, Оқу-әдістемелік кеңестің және тәрбие жұмыстарының жоспарларын бекіту;

Қабылдау комиссиясының 2019-2020 оқу жылына жүргізген жұмыстарының есебі;

Жаңа оқу жылына университеттің материалдық-техникалық базасының дайындығы туралы.

Бұл ғылыми кеңестің өзгешелігі "Сырдария" университетінің негізін салушы, қазіргі таңда ОҚМПУ ректоры, п.ғ.д., пофессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, Түркістан облысының мәслихаты депутаты Оңалбай Аяшевтің жиынға қатысуы болды.

Университетімізде құрылымдық өзгерістер де орнады. Айта кетсек, "Өнер" факультеті – "Дизайн және өнер" факультеті, "Гуманттарлық білім" факультеті – "Филология және гуманитарлық білім" факультеті болып өзгертілді.

Аталмыш жиындағы үлкен бір жаңалық Кембридж университетін тәмамдаған Даму ғылымдарының PhD докторы Серік Оңалбайұлы Аяшев "Сырдария" университетінің президенті болып тағайындалды. Және де Техника ғылымдарының кандидаты, доцент Абишева Роза Джанысбекқызы 1-проректор, Ғылыми істер жөніндегі проректор, Философия докторы (PhD) Небесаева Жанар Орынбекқызы "Дизайн және өнер" факультетінің деканы, Философия докторы (PhD) Боранбаева Ақтолқын Раисбекқызы "Филология және гуманитарлық білім" факултетінің деканы болып өзгертілді.





Бітіруші тyлектер

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар






Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу