қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












15.07.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаты табысталды

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын "Сырдария" университеті Жастар бөлімінің басшысы Мейірхан Бектеміске Жетісай ауданы "Nur Otan" партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Асауов табыстады.

Марапат елімізде өткен Президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына белсене қатысқан азаматтарға берілді.

Мейірхан Бектеміс Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысындағы сенімді өкілі және TeamQAZAQSTAN Жастар қанатының мүшесі болып қызмет атқарды. Үгіт-насихат жұмыстары барысында облыстық, аудандық деңгейдегі іс-шараларда белсенділік танытты. Президенттің сайлауалды бағдарламасын халық арасында кең насихатталуына үлес қосты.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғыс хатында:

"Құрметті Мейірхан Мырзаханұлы!

Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы аясында жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарына белсенді қатысқаныңыз үшін Сізге алғысымды білдіремін.

Сайлау қорытындысын Елбасы саясатының лайықты жалғасы және сабақтастық, әділдік, өрлеу қағидаларына негізделген дамудың жаңа бағытын қолдау деп қабылдаймын.

Алдымызда тұрған ауқымды міндеттерді абыроймен атқарамыз деп сенемін!

Сізге зор денсаулық, табыс және сәттілік тілеймін!" -делінген.





Бітіруші тyлектер

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар






Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу