қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












15.06.2019

"Сырдария" университетінде халықаралық конференция өтті

"Сырдария" университетінде 2019 жылдың 14-15 маусым күндері экономика ғылымдарының докторы, профессор Серіков Бегім Серікұлының 80 жылдық мерейтойына арналған "Жаһандану, бәсекеге қабілеттілікті арттырудың қазіргі жағдайы мен болашағы" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Салтанатты шараны "Сырдария" университетінің негізін салушы, қазіргі таңда ОҚМПУ ректоры, п.ғ.д., пофессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, Түркістан облысы мәслихатының депутаты Оңалбай Аяшев кіріспе сөзбен ашып, мерейтой иесін құттықтап ізгі лебізін білдірді. Одан кейін Бегім Серіковтің өмірі мен қызметі, ғылыми шығармашылық жолынан сыр шертетін "Ұлағатты ұзтаздың өмір өнегесі" атты бейнебаян көрсетілді.

Пленарлық мәжілісте "Мақтаны зиянкестерден биологиялық әдіспен қорғаудағы ғылыми-теориялық негіздері" тақырыбында қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры, а.ш.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі И.И. Үмбетаев, "Организация науки как фактор переда к инновационному развитию" тақырыбында экономикалық зерттеу орталығының директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ш.Х. Назаров, "Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы: оқу ғылыми-өндірістік орталығының даму келешегі" тақырыбында ҚазҰЖҒА академигі, т.ғ.д., профессор ҚазҰАУ Ә.Ә. Оспанов, "Қазақстан Республикасында тауар қозғалысының логистикалық жүйелерін дамыту" тақырыбында экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик Б.Е. Рустембаев, "Основные направления развития хлопко перерабатывающей промышленности ЮКО" тақырыбында "Қазақ мақта ассоциациясы" төрағасы С.Р. Бақтыбаев, "Роль государства в инвестиционной сфере экономики" тақырыбында т.ғ.д., АТУ профессоры Б.А. Рскелдиев баяндама оқыды.

"НұрОтан" партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасов сөз алып, Бегім Серікұлының Жетісай ауданының дамуы мен қалыптасуына қосқан ерен еңбегін саралай келе, өзінің інілік жүрекжарды тілегін білдірді.

Бегім Серікұлы жарты ғасырдан астам мемлекетімізге, сондай-ақ Өзбекстан Республикасына аянбай қызмет етіп, атқарған ерен еңбегі үшін Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиёевтың атынан "Достық" орденімен марапатталды.

Салтанатты жиынның соңында, Оңалбай Аяшев қорытынды сөз сөйлеп, сондай-ақ, көрсетілген құрмет үшін барлық ұйымдастырушылар мен қатысушыларға өз тарапынан ризашылығын жеткізді.


Баспасөз қызметі




Бітіруші тyлектер

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар






Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу