қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












11.04.2019

Педагогикалық практиканың қорытындысы бойынша конференция өткізілді

"Сырдария" университетінде білім мен кәсіби бағыт жүйелі жүргізіледі. Жуырда білім бағытындағы мамандықтар педагогикалық, экономикалық, жаратылыстану, өнер бағытындағы мамандықтардың студенттері 10 апта өндірістік практикадан өтті.

Осы аталған кәсіптік практиканың нәтижелерін, көрсеткіштерін түйіндеу мақсатында 11сәуір күні 2019 оқу жылындағы бітіруші курс студенттерінің қорытынды конференциясы өткізілді.

Конференцияға практика базаларындағы тәрбие және оқу істері жөніндегі директор орынбасарлары мен университет құрылтайшысы мен ректоры, проректорлар, декандар, кафедра меңгерушілері, практика жетекшілері және әдіскерлер қатысты.

Конференция студенттердің практика кезінде жасаған көрнекіліктерінен қойылған көрмені тамашалаудан басталды. Көрмеге Ашық тәрбие сағаттары мен Ашық сабақтарында пайдаланылған қабырға газеттері, көрнекіліктер, презентациялар, дидактикалық материалдар мен мектеп директоры марапаттаған алғыс хаттары қойылды. Көрме қорытындысы бойынша "Музыкалық білім" мамандығы ІІІ орын, "Тарих" мамандығы ІІ орын, "География" мамандығы І орынды иеленді.

Конференцияны ашып берген университет ректоры п.ғ.к., профессор С.С. Дайырбеков 4-курс студенттерінің практикадан сәтті өткендігімен құттықтай отырып, көрме жеңімпаздарын марапаттады.

Практика базаларындағы жетекші мамандар мен басшылар және ұстаздар қауымы конференциямызға келіп, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. Студенттеріміздің білімін, әдебін, талпынысы мен жауапкершілігін баса назарға алып, университеттің басшылары мен ұстаздар қауымына алғыстарын білдірді. Сонымен қатар студенттердің жұмыстарына бағыт-бағдар беріп, кәсіби деңгейде қалыптасуына жағдай жасаған практика жетекшілері мен әдіскерлері де өздерінің қорытынды пікірлерін білдірді.

Кәсіптік практика – студенттің білімін кәсіби шеберлікпен ұштастырып, білікті маман етіп даярлаудың кепілі болмақ.


Баспасөз қызметі




Бітіруші тyлектер

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар






Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу