қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












03.04.2019

Жайдарман Жастар бөлімі кубогы - 2019

Сәуір айының 2 жұлдызында Жастар бөлімінің ұйымдастыруымен университетішілік "Жастар бөлімі кубогы" жайдарман ойыны финалдық бәсекесі болып өтті. Шараға "Гуманитарлық білім" факультетінен "Лидер", "Өнер" факультетінен "Өнер серілері", "Дене тәрбиесі және спорт" факультетінен "Серілер", "Жаратылыстану және математика" факультетінен "Жаратылыс жастары", Жетісай көпсалалы колледжінен "Жетісай колледж" атты командалар қатысты. Ойынға Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Н.Мұратбек, "Гуманитарлық білім" факультетінің деканы Н.Шегенбаев, ҚР Мәдениет қайраткері Бөрі Иса, белгілі жайдарманшылар Ә.Нұрсейіт пен М.Дүзел қазылық жасады.

Таныстыру кезеңі бойынша бақ сынасқан, ұтқыр әзілдерімен халықтың көңілінен шыға білген командалар тиісті марапатқа лайық болды. Ойынның нәтижесінде 3-орынға "Лидер", 2-орынға "Жаратылыс жастары" командалары ие болды. 1-орынды "Серілер" командасы иеленді.

Бас жүлде "Өнер" факультетінен шыққан "Өнер серілері" командасына бұйырды. Командалар дипломмен және кубокпен марапатталды.


Баспасөз қызметі




Бітіруші тyлектер

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар






Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу