қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












27.02.2019

Университетімізде "Sanaly urpaq" жобалық кеңсесінің ресми ашылуы болды

Бүгін "Сырдария" университетінде "Sanaly urpaq" жобалық кеңсесінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Аталған жобалық кеңсенің ашылу салтанатына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бас маманы Жүндібаев Ғабит Өмірәліұлы келді. Кеңсенің ашылу салтанатында Ғабит Өмірәліұлы мен университетіміздің ректоры Серік Сансызбайұлы ашылу лентасын қиды.

Жобалық кеңсенің негізгі мақсаты – білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру.

Жастар бөлімінің басшысы М. Бектеміс "Sanaly urpaq" кеңсесінің алдағы жұмыстарымен таныстырып, жобаның мақсаттары мен міндеттерін айтып берді. Университет ректоры С. Дайырбеков жобалық кеңсенің университет қабырғасынан құрылуы, ұжымға, студенттерге үлкен жауапкершілік екендігін атап өтіп, білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосатынын айтты.

Ғабит Өмірәліұлы: "Бұл жоба ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бастамасымен жүзеге асырылып отыр, қазіргі таңда, республиканың барлық облыстарында осы тұрғыдағы фронт-офистер ашылуда. Ондағы мақсат – білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамау үшін жағдай жасау және де білім беру мекемелерінде озық тәжірибені одан әрі пайдалану үшін пилоттық бағыттарды іске асыру болып табылады. Әр азаматтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қажет. Сондықтан жастарды бала күнінен бастап отанға деген патриоттық сезім мен адалдық қасиеттерді ұялату қажет" – деп, белсенді студенттерге жобалық кеңсенің мақсатын толық түсіндіріп берді.

"Сырдария" университетінің тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор М. Нұрбек университетімізде жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан сауалнама, сенім жәшігі, студенттердің сессия кезіндегі өзін-өзі бақылау тестін қысқаша баяндап берді.

Жиын соңында "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының 4-курс студенті Ү. Досан барлық студенттердің атынан "Sanaly urpaq" жобалық кеңсесінің басшысына алғыс білдірді. Іс-шара әрі қарай Студенттерге қызмет көрсету орталығының жұмыстарымен танысумен жалғасты.

Айта кетсек, "Саналы ұрпақ" Жобалық кеңсесі бүкіл Республикамыздағы жекеменшік жоғары оқу орындары арасында алғашқы болып осы "Сырдария" университетінде ашылып отыр.


Баспасөз қызметі




Бітіруші тyлектер

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар






Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу