қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












28.02.2019

Ұлы тұлғалармен кездесуы

Ақпан айының жиырма сегізінші жұлдызында оқушыларға болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру, мектеп өмірінің студенттік кезеңнен айырмашылығын көрсету мақсатында, университетіміздің филология ғылымдарының кандидаты, доцент Абенова Ләззат Усманқызының ұйымдастыруымен, "Ұлы дала тұлғалары" атты кездесу болып өтті.

№ 2 Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9, 10, 11-сынып оқушылары мен ұстаздары университетіміздің профессор-оқытушыларымен еркін түрде сұхбаттасты. Ол тұлғалар: профессор, педагогика ғылымдарының докторы Гүлнар Тәжібайқызы; профессор, экономика ғылымдарының докторы Бегім Серікұлы; филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ләззат Усманқызы; профессор Бөрі Иса және профессор, химия ғылымдарының кандидаты Шыназбек Ибраимов өз мамандықтарының қыр-сыры жайлы дәріптеді.

Сонымен қатар, Жетісай көпсалалы колледжінің директоры Н. Файзиев пен Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Т. Алипбаев университетімізге оқуға түсу үшін қажетті мәліметтер жайлы түсіндіріп берді.

Кездесу барысында, университет ұстаздарының кітап көрмесі ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама ұсынылды. Ш. Уәлиханов мектебінің оқушылары да көркемсөз оқып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Кеш соңында, Ләззат Усманқызы жиналған қауымға ризашылығын білдіріп, оқушыларға сый-сияпаттар тапсырды.


Баспасөз қызметі




Бітіруші тyлектер

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар






Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу