қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












22.02.2019

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Қазақ отбасында маңызды мәселелердің бірі – тәрбие. Ата-ананың міндеті – жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе, қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Осыған орай "Сырдария" университетінде кітапхана бөліміндегі Досыбекова Оразкүлдің ұйымдастыруымен, "Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі" атты танымдық іс-шара болып өтті. Іс-шараны Био-18 тобының студенті Турманова Асем жүргізіп, "Ар-намысты биік ұстайық" атты слайд көрсетуден бастады. Іс-шарада Өтегенова Динара "Ассалаумағалейкум", "Ана" әндерін орындады. Тұрсынбаева Жанар халық арасында бойжеткен қыздың ажарына қарай жеті түрге бөлінетіндігі туралы әңгімелеп, түсіндірді. Нәлібай Малика "Қызға қырық үйден тыйым" сөздерді жатқа айтып берді. Ал, Сағындық Аружан "Қыздың жиған жүгіндей", "Қыз – елдің көркі, гүл – жердің көркі" сияқты мақал-мәтелдердің мән-мағынасын ашып, түсіндіріп берді.

Іс-шараны қорытындылай келе, "Жаратылыстану және математика" факультетінің деканы Перизат Аділбекқызы: "Қазақ халқы "Қыз" деген сөздің өзін әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде ақындарымыз қыздарға арнап көптеген керемет суреттемелер берген. Сондай-ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер-білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен", – деп батыр қыздарымыз М. Мәметова мен Ә. Молдағұлованың ерліктерін де айтып өтті.


Баспасөз қызметі




Бітіруші тyлектер

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар






Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу