қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












15.02.2019

Университет басшылары семинарға барып қайтты

15 ақпан күні №10 "Қайнар" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Менің таңдауым – менің болашағым" тақырыбында семинар болып өтті. Семинарға қонақ ретінде "Сырдария" университетінің профессор-оқытушылары Тұрар Алипбаев, Мұратбек Нұрбек, Ләззат Абенова барып қайтты. "Сырдария" университетін бітіріп шыққан 40 түлек, қазіргі таңда осы мектептің білікті де білімді ұстазы болып отыр. Семир қонақтарды қарсы алудан бастап фойеде көрме көрсетіліп, мектеп тарихымен таныстырылды. Концерттік бағдарлама қойылып, "Мен таңдаған мамандық" атты тренинг ұйымдастырылды. Оқу орнын жүрек қалауымен таңдағаны жөнінде тамаша көрініс көрсетіп, алғыс сезімдерін білдіріп, түлек пен жұмыс беруші арасында кері байланыстың жақсы бір көрінісі болды. "Мың алғыс саған, Сырдария, жасай бер!" деп түлектер өздерінің ыстық ықыластарын білдірді.

Семинарда оқу ордамыз жайлы бейнебаян көрсетіліп, "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының кафедра меңгерушісі, доцент Л.Абенова "Сырдария "университеті туралы, университеттің тыныс-тіршілігі жайлы сөз сөйледі жəне қабылдау коммисиясының жауапты хатшысы Т.Алипбаев биылғы 2019 жылғы жоғары оқу орнына түсушілер үшін тестілеу барысында бірнеше өзгерістер енгендігі жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


Баспасөз қызметі




Бітіруші тyлектер

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар






Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу