қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












08.02.2019

Мұқым елдің мұзбалағы

8 ақпан күні "Сырдария" университетінде дара дарын, халқының қара өлеңін құдыретке айналдырған Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған "Мұқым елдің мұзбалағы" атты әдеби-сазды кеш болып өтті.

Жыр кернеуі алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Қысқа ғұмырында М.Мақатаев ұрпақтарға ұлан-ғайыр мұра қалдырып кеткен ұлы ақын.

Университеттің "Гуманитарлық білім" факультеті, "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының ұйымдастыруымен әдеби-сазды кеш ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы дерек беретін бейнебаяннан бастау алды. Кеште ақынның өлеңдерін, поэмаларын мәнеріне келтіріп орындауда студенттер өз шеберліктерін көрсете білді. Кеш барысында Тоқтақұл Аққал мен Өмірзақ Берік "Жарығым-ай", Кеңесбай Ақерке "Айтатын саған сырым бұл", Тоқтақұл Аққал мен Құлша Аллаберген "Есіңе мені алғайсың" әндерін тамылжыта орындады. "Сыр сандық" студенттік жастар театрының сахналастыруымен "Мұқағали мен Фариза" атты поэтикалық драмалық қойылымы көрерменнің поэзия саңлағына деген көзқарасына, ой-парасатына айқын мән кіргізді.

Айшықты астармен, тартымды тұспалмен, ұтқыр ұйқаспен көмкеріліп, рухани терең тебіреністің өрнекті өзегінен өрбитін көмескіге көзі қырағы біртума ақынның оралымды ойлары, күйінішті жан күйзелісі, сүйінішті сырлы сезімі айрықша дарынды, сағыныш сарынды өлмес өлең жолдарынан келісті көрініс тауып, жыр сүйер қауым Мұқағали рухына тағзым етіп, өлеңі арқылы өзімен сырласқандай күйде болды.

Баспасөз қызметі





Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар






Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу