қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












06.02.2019

Дойбы – ойшылдардың ойыны

2019 жылдың 5 ақпанында студенттер арасында университетішілік "Дойбы" ойыны бойынша сайыс болып өтті. Шараны өткізудегі мақсат – студент-жастардың білім алуымен бірге қоғамдық-мәдени, спорттық шараларға белсене ат салысуына ықпал ету, тапқырлыққа, тез шешім қабылдауға үйрету, логикалық ой өрісін дамыту.

Спорттың озық түрі болып саналатын шараға "Гуманитарлық білім", "Жаратылыстану және математика", "Өнер", "Дене тәрбиесі және спорт" факультетінің студенттері қатысты. Ойын тартысты өтті. Әр факультеттің озық ойлы жүйріктері жеңіс тұғырынан көрінді. Атаулы шараны ұйымдастырған Жастар бөлімінің төрағасы М. Бектеміс шара соңында сайысқа қатысушыларға алғыс білдірді. Нәтижесінде жеңімпаз атанған Био-18 тобының студенті Турманова Әсем, Дш-26 тобының студенті Қалабай Бағдәулет, Физ-17 тобының студенті Дадаев Анарбай, Қж-17 тобының студенті Бақытжан Пайсхан марапатталды. Жарысқа қатысушылар дойбы ойынының салауатты өмір салтын қалыптастырудағы маңызы мен пайдасы жайлы шынайы ой түйгендерін жеткізді.

Баспасөз қызметі




Бітіруші тyлектер

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар






Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу