қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












23.01.2019

Университет жастары "Жастар жылының" ашылу салтанатын тамашалады

Бүгін елордасы Астана қаласында "Нұр әлем" павильонында Елбасының қатысуымен "Тәуелсіздіктің ұрпақтары" атауымен Жастар жылының ашылу салтанатын тікелей эфирден "Сырдария" университетінің басшылық қауымы мен оқытушылары және студент-жастары да қызығып тамашалады. Студенттер Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Өз ұлтымыздың патриоты болуымыз керек" – деген жалынды сөздерінен кейін ерекше әсер алды. Және бойларына күш жинап, өздеріне нық сенімді қадаммен алға басуға, әрбір жас студент осы жылы өз қабілетін көрсете білуге ұмтылыс жасады.

Бүгінгі жастар – ертеңгі кәсіби білікті маман, болашақ отбасының тірегі. Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Жастар үшін ең басты түйіткіл – білім алу және жұмыспен қамтылу, одан кейін баспаналы болу. Егер осы үш мәселе шешімін тапса, жас маман сапалы, тиянақты жұмыс істей алады. Ақылды технология заманында ақыл да, тың идея да жастардан шығады. Жастар жылы – жастардың нақты түйіткілдерін шешетін жыл болғай.

Баспасөз қызметі




Бітіруші тyлектер

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар






Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу