қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












22.11.2018

Салтанатты түрде ашылған спорттық алаң


Мерейтой бағдарламасы аясында іске асқан іс-шаралардың бірі – бактериологиялық лабораторияның ашылуы.

Елбасының 2018 жылдың 5 қазанындағы Қазақстан халқына жолдауында бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру міндеттемесіне орай университет бүгінде көптеген игі істерді жүзеге асырып келуде. Соның бір көрінісі – мерейтой аясында "Назар" спорт алаңының ашылуы.

Университет жастарының спортқа деген қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған алаңды Жоғарғы оқу орнындары қауымдастығының Президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик Алшанов Рахман Алшанұлына және "Сырдария" университетінің негізін қалаған ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Түркістан облысы мәслихатының депутаты Аяшев Оңалбай Аяшұлы салтанатты түрде ашып берді.

Сонымен бірге, "Құқық және экономика" кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., профессор Б.Серіков, "Дене шынықтыру және спорт" мамандығының алғашқы түлектерінің бірі Н. Оңдасынов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Асқаров Сәрсен Ербосынұлы өз құттықтауларын жеткізді.

Салтанатты жиын қонақтары университеттің спорттық базасымен де танысты.

"Назар" спорт алаңы алдағы уақытта студент-жастардың салауатты өмір салтын жақсартуға негіз болатыны анық.

Баспасөз қызметі




Бітіруші тyлектер

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар






Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу