қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












23.11.2018

Университеттің 20 жылдығына арналған конференция болып өтті


"Сырдария" университетінің 20 жылдығына арналған іс-шаралардың екінші күні "Ұлттық білім беру жүйесінің өзекті мәселелері: басымдықтары, даму болашағы" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына жалғасты. Конференция бағдарламасы бойынша 7 секция жұмысы болды, баяндамалардың жалпы саны – 154. "Рухани жаңғыру және ұлттық тарих мәселелері", "Әлемдік филология және тілдік кеңістік", "Педагогика, психология және білім берудің өзекті мәселелері", "Жаратылыстану ғылымдарының қазіргі жетістіктері мен болашағы", "Өнертану ғылымы мен кәсіби білім берудің мәселелері", "Ғаламдық экономика және құқық", "Дене шынықтыру және спорт: мәселелері мен даму болашағы" секцияларында бүгінгі таңда білім беру мен ғылыми-зерттеу бағыттарында өзекті деп танылған мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалып, тақырыптар талқыға салынды.

Конференция жұмысына келіп түскен баяндамалардың 27-сі шет елдерден, 24-і Өзбекстан Республикасынан, 1-уі Ресей Федерациясынан, 2-уі Қарақалпақстан Республикасынан, 127-сі "Сырдария" университеті мен еліміздің ЖОО-нан және арнайы білім беретін мекемелерден.

Сонымен бірге Өзбекстан Республикасынан ҒА "Сейсмология институтының" профессоры, г.ғ.д. Б.А. Бахритдинов және сол елдегі "Биорганикалық химия" институтының профессоры, б.ғ.д., И.Г.Ахмеджанов, И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің профессоры, п.ғ.д., Х.Ф. Анаркулов конференция жұмысына қатысып, университеттің 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.


Секциялық жұмыстардан соң, пленарлық мәжіліс "Қазақстан" студенттер сарайында өтті. Университеттің 20 жылдық тарихын сөз еткен деректі фильм көпшіліктің назарын аударды. Деректі фильмде бүгінгі таңда Жетісай ауданының рухани байлығы саналатын университет педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Түркістан облысы мәслихатының депутаты Оңалбай Аяшевтың бастамасымен 1998 жылы негізі қаланғаны, тәуелсіздіктің тәй-тәй басып, қиындықтарды енді еңсере бастаған уақытында жастарға жоғары білім беруді мақсатында негізі қаланған оқу орнының даму тарихы, өзіндік келбеті баяндалды. Өзіндік болмысқа ие оқу орнының білім беру жүйесін үйлесімді жүргізіп, бүгінгі жастардың жоғары білім алуына, азаматтық көзқарасы мен дүниетанымының қалыптасуына жағдай жасауда университет құрылтайшысы Есенкүл Сейілқызының сіңірген еңбегі жайлы деректер көрсетілді.

Университет тарихында жоғары оқу орнының дамуына үлес қосқан басшылардың еңбегі, білім ордасының қазіргі жайы, факультеттер тынысы, білім алушылар мен профессор-оқытушылар әлеуеті, жыл сайын түлеп ұшқан түлектер, ғылыми-зерттеу жұмыстары, халықаралық байланыс, осы күнге дейін білім ошағында болған белгілі ақын-жазушылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен олимпиада чемпиондары, әншілер жайлы да айтылды. 20 жылдықтың ең айтулы тарихи сәті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың оқу орнына арнайы келуі. Заман талабына сай даму көшінде келе жатқан оқу орнының қол жеткізген өзге табыстары жан-жақты сөз етілді.

Деректі бейнеден соң, университет ректоры, п.ғ.к., профессор Дайырбеков Серік Сансызбайұлы сөзге шығып, конференцияға қатысушылар мен қонақтарға жылы лебіз білдіріп: "Оқу орны ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуы және жастары үшін де қаншалықты маңызды, әрі қажет екенін деректі фильмнен көрдіңіздер. "Сырдария" университетінің ұжымы да оқу орнының дамуын өз міндеттеріне алып, ілгері өрлеуге лайық жұмыстарды жүзеге асырып келеді", - деді.

Білім ордасының 20 жылдық мерейтойына байланысты ҚР БҒМ Е.Сағадиевтың құттықтауын оқыған соң, Серік Сансызбайұлы сонымен қатар мерейтойлық құттықтаулар шет елдік ЖОО, атап айтқанда Ресей Федерациясының Омбы Қаржы академиясы, Тәжікстан Республикасы Тәжік педагогикалық институты, Қырғызстан Республикасынан Халықаралық Шығыстану университеті, Қазақ қыздар мемлекетік педагогикалық университеті және өзге де бірқатар оқу орындарынан жолданғанын атап өтті.

Мерейтой рәсіміне орай ЖОО қауымдастығының Президенті э.ғ.д., профессор Алшанов Рахман Алшанұлы өз құттықтауын жеткізіп, ректор Серік Сансызбайұлына профессор куәлігін табыс етті. Мұнымен бірге "Еңбек ардагері" төсбелгісімен университет құрылтайшысы Е.Сейілқызы, Ч.Ибраимов, "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен с.ғ.к., доцент Р.С.Тәжітаева, ф-м.ғ.к., доцент Т.Бердалиева, т.ғ.к., доцент С.Д. Мамраимов, ф-м.ғ.к., доцент Г.Қарашева, ҚР "Құрмет грамотасымен" А.Ә.Алтыбаева, У.Сапарбаева, Исаева Г, Т. Әліпбаев, Е.Өрісбаев, Д.Жұмабаев, Ғ.Бейсенова ҚР "Алғыс хатымен" Ә.Байсалова, З.Оралова, т.ғ.к., С.Н.Апашева, А.Алимова, А.Асилбаева, Г.Раеева, Н.Файзиев, Е.Әбіш наградталса, ректор, п.ғ.к., профессор С.С.Дайырбеков, п.ғ.к., доцент Н.С.Тленчиева, PhD Б.С. Тоқмұрзаев, PhD П.Ә. Абдуразова, ф-м.ғ.к., доцент С.А. Жолдасов, п.ғ.к., доцент Н.Б. Шегенбаев "А.Байтұрсынов" төсбелгісімен марапатталды.

"Нұр Отан" Партиясы Түркістан облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жолдасов Нұрмахан Миятұлы оқу орнының ұжымын 20 жылдық мерейтоймен құттықтап, университет құрылтайшысы Е.Сейілқызын "Нұр Отан" Партиясының алғыс хатымен марапаттады. Бірқатар профессор-оқытушылар, атап айтқанда, композитор Бөрі Иса, М.Бишанов, Т.Ахмет, А.Шағырбаева, С.Ташкенбаева, э.ғ.д., профессор Б.Серіков, Б.Абуова, ф.ғ.к., доцент В.В.Авдонин, Е.Беркинов облыс мәслихатының және облыс әкімінің грамоталарымен наградталды.

Білім беру саласындағы еңбегі үшін п.ғ.к., Л.Мырзабек, т.ғ.к., С.Елшібаев, А.Малдыбекова, Х.Бердібеков, Х.Мусаев және Б.Муталиев, Е.Қылышев, Р.Мықтыбаева, М.Адамбекова, М.Исламова, А.Әшірбеков т.б. аудан әкімдігі мен аудан мәслихатының Құрмет грамотасымен марапаталды.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Стратегиялық даму және интернационализация жөніндегі проректоры Раимбердиев Талжан Пердешұлы өз ұжымының құттықтауын жеткізсе, ОҚМПУ –дың Оқу ісі жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Исабек Баршагүл Қашқынққызы оқу орнының негізін салған О.Аяшұлына "Білім берудің мақтанышы" төсбелгісін табыстады.

Университеттің 20 жылдығын атап өтуге келген қадірлі қонақтардың оқу орның қуанышына ортақтасқан күні тарих парағында таңбалатыны сөзсіз. Өйткені осы оқу орнында өзіндік болмысқа ие үлкен қасиет бар.

Еліміздің білім мен ғылым саласындағы мақсат-мүдделерін жүзеге асырып келе жатқан оқу орнының болашағы кемел, келешегі жарқын. Мерейтой құтты болсын!






Баспасөз қызметі




Бітіруші тyлектер

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар






Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу