қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












01.11.2018

Ән және сән шеруі


Университеттің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізіліп отырған іс-шаралар легі толассыз. Соның бір көрінісі жыл сайын өткізілетін – "Ән және сән шеруі" атты шығармашылық кеш. Бұл дәстүр бүгін де жалғасын тапты.

Стиль және сән өзара байланысқан жүйе, сондықтан олар бір-бірінсіз дамып өрбей алмайды. Сән арқылы әлеуметтік тереңде жатқан көріністі көруге болады. Сән – бұл айрықша әдіс, бейне, әлеуметтік ақпаратты өңдеуші өлшем. Ал жаңа модельді ойлап табушы, жасаушы автор сәнгер болып саналады" - деген дизайн мамандығының арулары "Касуэл" атты киімдер топтамасын көпшілікке көрсетіп, коллекция жетекшісі Балжан Бектемірқызының еңбегін таныстырды.

Сән әлемі ән әлеміне ұласқан сахнада музыкалық білім мамандығының 1 курс студенті Оңғарбек Нұрболдың орындауында "Қалайда" әні шырқалды. Мерекелік кештің сценирийіне орай "Авангард" стиліндегі "Солтүстік шұғыласы" атты киімдер топтамасы (Коллекция жетекшісі – Кенжебек Жазира) көпшілік назарына ұсынылды.

Сонымен бірге дизайн мамандығының "Гетсби" стиліндегі кешкілік сәнді киімдері (Коллекция жетекшісі – Алтынай Қарабекқызы), "Көненің көзі" (Коллекция жетекшісі – Садыкова Жұлдыз), "Қазақ қыздары", Қазақстанның атақты дизайнерлері сияқты үлкен Дизайнер болуды мақсат еткен Зұлыпхарова Жұлдызайдың "Кешкілік сән көйлектері" топтамасын көрермен ыстық ықыласпен қарсы алды.

Музыкалық білім мамандығының студенттері Атакузиев Дауренбектің орындауындағы "Я это ты", Тәңірқұл Жаңылдың "Сүйген жанымсың", Мамадияр Шерханның "Қыздар" әні мен "Өнер серілері" жайдарман тобы мен өзбек биін нақышына келтіре өрнектеген "Назеркенің" арулары мерекелік кештің көркін аша түсті.

Өнерлі жастар қашан да халықтың, елдің назарында. Ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан ата-баба дәстүрі мен салтын сақтаған жас ұрпақтың алар асуы, бағындырар белесі әлі алда. Ән мен сәнді үйлестіре білген жас буын оқу орнының ғана емес, күллі елдің мақтанышы, абыройы екенін тағы да дәлелдей түсті.



Баспасөз қызметі




Бітіруші тyлектер

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар






Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркестан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу