қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English
7СЫР Республикалық қоғамдық-саяси газет
№11 (301) 20.03.2015 жыл

Мектеп оқушылары “Сырдария” университетімен танысты

"Сырдария" университетінде мектеп қабырғасынан қанат қағып ұшқалы отырған жас түлектерге дұрыс жол сілтеп, бағыт беру мақсатында "Қазақстан" студенттер сарайында "Ашық есік" күні өтті. Бұл күні студенттер спорт зал, жатақхана, аудитория, кітапхана, инновациялық зерттеу орталығы, виртуальдық орталық, оқу ғимараттарын аралап көріп, техникалық базаларымен танысты. Одан кейін "Қазақстан" студенттер сарайында концерттік бағдарлама болды.

Кешті "Сырдария" университетінің ректоры педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Серік Дайырбеков ашып берді. Оқушыларға университет жайлы түсірілген бейнеролик қойылды. Ал, университет студенттері А.Шығанақ пен С.Тунғатаоова "Казак кызы", Р.Әжібек «Арман күндер» әндерін орындаса, "Назерке" бишілер тобының студенттері мың бұрала биледі. Сондай-ақ, 2013 жылғы Республикалық Алматы ашық лигасының чемпиондары, 2014 жылы республикалық Премьер лигасының жеңімпаздары, қазіргі таңда Республикалық Жоғарғы лиганың ширек финалына жолдама алған "Сырдария құрамасы" жайдарман тобы қызықты әзілдерін ортаға тастады. Кешті университет студенті Нүрислам университеттің ән ұранына айналған "Сырдария" әнімен аяқтады. "Ашық есік" күні студенттерге тамаша көңіл-күй сыйлап, жоғары білімге деген ынта ықыласы артып, көңілді күймен таркасты.

«Жеті сыр» ақпарат.



Бекбол Абдуалиев, Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінің түлегі:

- Шамалы уақыттардан соң, "Алтын ұя" - мектебімізден ұшқалы отырмыз. Осы мақсатта біздерді ұстаздарымыз осы оқу ордасына бастап әкелді. Бұл "Сырдария" университетінде студенттер үшін барлық жағдайлар жасалған.
Техникалық базасы заманауи талапа сай. Әсіресе маған ұнағаны химия-физика кабинеттері. Онда барлық приборлардың түрлері бар екен.

Диана Пердеш, Н.Оңдасынов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы:

-Мен "Сырдария" университетінің оқу корпустарын көріп таң қалдым.
Мұнда барлық жағдайлар жасалынған. Оқу ғимараттары соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған. Сонымен қатар, менің таң қалғаным университет іші мұнтаздай тап-таза екен. Оқытушылары да біздерді жайдары, жақсы көңіл-күймен қарсы алып оқу ордасымен таныстырып шықты. Бұл жерде түлеп ұшқан түлектер білім ордаларын басқарып, үлкен меқемелерде қызмет істеп жатқанын естиміз.Сондықтан бұл оқу ордасында сапалы білім беретіні сөзсіз.

Нурлыбек Досалы, «Асық ата» жалпы орта мектебінің оқушысы:

- Бізді "Сырдария" университеті тамаша көңіл-күймен қарсы алды.
Сонымен қатар, "Ашық есік" күні университет студенттері концерттік бағдарлама қойып, университет жайында деректі фильм көрсетті. Ондағы алған әсерімді айтып жеткізе алмаймын. Менің байқағаным білімге деген құштарлығым одан сайын арта түсті.
Сондай-ақ университет жастары мені қызықтырды. Олар өз ойларын ашық айтып, өз өнерлерін ортаға Салып белсенділіктерін көрсетті. Бұл оқу орнына келіп оқыған студенттер биік шыңдарды бағындыратынына сенімім мол.


Басқа жаңалықтар