қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














20.10.2017

Университет профессоры Құдайберген Жидебаев 80 жаста


2017 жылы 20-қазанда «Сырдария» университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Құдайберген Жидебайұлының 80 жасқа толуына орай мерейтой кеші болып өтті.

Бар ғұмырын білім беру, ағарту , ғылыми ізденіске арнаған ғалымның мерейтойына университет ұжымы мен студенттер қатысты.

Мерейтой кешінде Қ.Жидебаевтың ұстаздық жолы, ғылыми еңбектері, отбасылық өмірі баяндалатын бейнебаян көрсетілді. Шәкірттері кафедра меңгерушісі PhD доктор Мұрат Нұрбек пен Орынбай Әділбек ұстазға деген құрметін, лебізін «Ұстазым» әнімен жеткізе білді.

Университет ректоры, п.ғ.к., доцент С.С. Дайырбеков университет профессорын мерейлі мерекесімен құттықтады: «Білім беруде қызметтің ең қызықты да қиын салаларын атқарып, университеттің, қоғамның дамуына үлес қостыңыз. «Сырдария» университетінде педагогикалық жолыңызбен қатар факультет деканы, Ғалым хатшы ретінде жауапты қызметтер атқарып, күні кешеге дейін кафедраны басқарып келдіңіз. Сіздің басқаруыңызда кафедра дайындайтын мамандықтар Білім беру сапасын қамтамасыздандырудың тәуелсіз қазақстандық агенттігінің аккредитациясынан сәтті өтті.

...Сексеннің сеңгіріне келген жаңа жасыңыз құтты болсын! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, толағай табыс және береке-бірлік тілейміз!».

Ректордың құттықтауынан соң қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-курс студенттері Даниярұлы Абылай, Қалдыханова Жанар, 1-курс студенті Қадыр Айман ұстазға деген ықыластарын арнау өлеңдерімен өрнектесе, Боранбай Бекзаттың орындауындағы «Ұстазым» әні мерейтой кешін жандандыра түсті.

Сонымен бірге э.ғ.д., профессор Бегім Серіков, Оқу істері жөніндегі проректор С.Д. Мамраимов, Ғалым хатшы Л.У. Абенова, профессор Бөрі Иса, п.ғ.к., доцент Ж. Асабаев Құдайберген Жидебаевты мерейтойымен құттықтап, қызмет барысындағы ұстаздың, ғалымның, әріптестің қызықты әңгімелерін еске түсірді.



80 жасқа келген университет профессорын жаңа жасымен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық тілейміз!



Бейнеролик, сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=l8xcINWGN3U



Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2017 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу