қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

20.05.2016

Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік

Білім мен ғылымды игермеген ел ешқашан кемел келешектің көкжиегін көре алмасы анық. Елбасы елдің ертеңгі күні көзі ашық, көкірегі ояу, жаны жақсылыққа құмар жастар мен өткенді сараптап, ой-арманы өрге ұмтылдырған өскелең ұрпақтың қолында екендігін ұдайы айтып келеді.

Сондай ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп келе жатқан университетіміздің профессор-оқытушылар құрамын құрылтайшы Аяшева Есенкүл Сейілқызы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің бұйрығымен ұсынылған төсбелгімен марапаттады. Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Дайырбеков Серік Сансызбайұлын, профессор Бөрі Иса және тарих ғылымдарының кандидаты Елшібаев Сәрсенбек Күлішұлын жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін "Ы.Алтынсарин" белгісімен, білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен филолгия ғылымдарының кандидаты Абенова Ләззат Усманқызын мараппаттады.

Шәкірттеріңізді білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде еңбектеріңіз зор. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі-бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға яғни Сіздерге арналады.

Университет профессор-оқытушылар құрамының атынан Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін. Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем болсын!

Университет баспасөз хатшысы Г.Е. Алтынбекова


Басқа жаңалықтар


Бітіруші тyлектер

Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Каржы орталыгы

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters








Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz