қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












20.04.2018

"Мамандығым - мақтанышым"

Сәуір айының 20 жұлдызында Жетісай қаласындағы жалпы білім беретін мектеп мекемелеріндегі 9, 11 сынып оқушылары және олардың ата-аналарының қатысуымен "Мамандығым – мақтанышым" атты сұхбат кеші болып өтті.

Кәсіби бағдар бойынша Қазақстан студенттер сарайында өткен жиында университет ректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент С.С.Дайырбеков мектеп бітіруші түлектерге жаңа оқу жылындағы білім беру гранттары және ЖОО-ға түсу ережелерінде орын алған өзгерістер жайлы айтып, мамандық таңдауда әр мамандықтың ерекшелігіне жан-жақты назар аудару керек екенін түсіндіріп, сәттілік тіледі.

Ф.ғ.к., доцент Л.У.Абенова "Сырдария" университетінің білім беру бағдарламасын жүзеге асырудағы қызметін сөз ете келе, "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығына айрықша тоқталып өтті: "Қазақ тілі – ең алдымен мемлекеттік тіл болса, "әдебиет – ардың ісі", адамзат ақыл-ойының бұрын-соңғы замандағы ғұламалардың ой-тұжырымдары, көркем сөз өнері шеберлерінің кестелі сөз орамдары мен өрнекті пайымдары". Сонымен бірге мамандықтың кәсіби ерекшелігін, "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының профессор-оқытушылары мен студенттердің тыныс-тіршілігін бейнесуреттер арқылы оқушыларға таныстырды.

"Тұран" ЖОМ директоры Г.Қалжанова қазіргі таңда талапкерлер "өзінің қабілетіне сай келмейтін мамандықтарды таңдап, қателікке бой алдырып жататынын" тілге тиек етіп, оларға бағыт-бағдар беруде кәсіби бағдар жұмыстарының маңызды екенін атап өтті. Бүгінде университетпен тығыз байланыс жасап, оқу орнының күннен-күнге дамуына куә болып келе жатқан нысандардың бірі екенін алға тартып, 15-ке жуық түлек мектепте қызмет жасап жатқанын айтты.

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Б.С.Тоқмұрзаев талапкерлерге жаңа оқу жылындағы ЖОО-ға түсу ережелерімен толыққанды таныстырып, мектеп бітірушілер мен ата-аналар жолдаған сауалдарға жауап берді. Мұнымен бірге университетте ашылған Жетісай көпсалалы колледжінің мамандықтары жөнінде түсіндіріп өтті Н.С.Файзиев.

Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Студенттер ұйымдастырған концертте ән, би, жайдарманшы жастардың әзілге толы қойылымдары сахналанды.

Баспасөз қызметі




Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар




Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу