қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

20.01.2016

Кәсіби іс-тәжірибе-бәсекеге қабілетті маман даярлаудың негізі

Бүгінде мемлекетіміздің басты ұстанымы "Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ". Осы аталған үш ұғым кез-келген қазақстандық азаматтың бойына үлкен жауапкершілікті жүктейді. Бұл бізді ұлттық идеямыз "Мәңгілік елге" бастайтын сара да, дара ұстанымымыз болмақ. Ұстанымымыз айқын, идеямыз жарқын ал жоспарымыз қарқын алып, ел игілігіне қызмет етуде. Әрине ол "100 нақты қадам" - Ұлт жоспары. 79-қадамында Елбасы Н.Ә. Назарбаев "Басты мақсаты-даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру" - деп нақтылап болашақ мамандардың кемел келешегін айқындап көрсеткен. "Сырдария" университеті Елбасының әрбір тапсырмасын негізге алып, маман даярлаудың жарқын моделіне көшуде.

Кез-келген кадр даярлау үдерісі іс-тәжірибесіз жүзеге аспайтындығы белгілі. 4 жыл бойы алған теориялық білім, білік дағдыларын іс-тәжірибеде көрсете білуі болашақ маманның жан-жақты қалыптасуына негіз болары сөзсіз.

Университеттің болашақ мамандарының және бір толқыны Білім бағытындағы мамандықтар педагогикалық, экономикалық, техникалық, жаратылыстану мамандықтарының студенттері өндірістік іс-тәжірибеге жолдама алды. Өндірістік және педагогикалық іс-тәжірибе студентке өз іс-әрекетін дербес жоспарлауға, өзінен үлкен әріптестерімен қарым-қатынас жасауға және кәсіби бағытын анықтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ жауапкершілік пен үлкен еңбек ұжымына тәуелділік сезімін қалыптастырады.

Студенттерге арналған орнықтыру конференциясы бұл жылы үлкен көлемде "Қазақстан" студенттер сарайында барлық мамандықтарға бірдей ұйымдастырылды. Айтулы іс-шараға университеттің бітіруші мамандық студенттері мен іс-тәжірибеге жетекшілік және әдіскерлік ететін профессор-оқытушылар құрамы, декандар мен кафедра меңгерушілері қатысты.

Іс-шараның басталуы іс-тәжірибе базаларын таныстырудан басталды. Педагогикалық іс-тәжірибенің базалары ретінде Қазақстанға белгілі Б. Момышұлы мектеп гимназиясы және де Тұран мектеп гимназиясы, №122 жалпы орта мектебі, А.Байтұрсынов, Ш. Уәлиханов, Абай, Н. Оңдасынов атындағы жалпы орта мектептері, Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық коледжі алынды. Бұл білім ордаларының барлық материалдық-техникалық базаларымен, сондай-ақ білікті, тәжірибелі, жоғары санатты педагогтардың да сандық көрсеткіштері айтылып, мектептің жеткен жатістіктері презентация арқылы баяндалды. Іс-тәжірибеге барғалы тұрған мектептерінің кадрлық әлеуетін білген кез-келген студент үлкен жауапкершілікпен, жоғары деңгейдегі дайындықпен барары анық.

Конференцияда педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Н.С. Молдабекова білім бағытындағы мамандық студенттеріне "Педагогикалық іс-тәжірибедегі студенттің кәсіби бағыттылығы" тақырыбындағы баяндамасын жасап, студенттерге педагогикалық-психологиялық тапсырмаларын беріп, жаңаша әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

"Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, Л.У. Әбенова өзінің рухты, әдеби, көркем сөздерімен студенттердің рухын көтеріп, мерейін тасытты. Сонымен қатар "Жоғары математика және физика" кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Т. Бердалиева көп жылдық тәжірибесімен бөлісіп, студенттерге мектеп қабырғасына қадам басқаннан бастап, сол мектептің мұғалімі ретінде қалыптасып, сіңісіп кеткенше практикант нені білу керек, нені істеу керек екендігін, нақты-нақты, кезең-кезеңімен тізбектеп айтып өтті.

Іс-тәжірибенің болашақ маман өміріндегі алатын орны мен ролі төңірегіндегі, өресі биік ой-пікірлерге толы конференция, студенттерге үлкен бір серпіліс болды деп ойлаймыз. Болашақ мамандарымыз іс-тәжірибе кезінде өздерінің білім, білік, іскерлік, жауапкершілік қасиеттерінің арқасында университетіміздің беделін биік, абройын асқақ етеді деген сенімдеміз.

Файзиев Нұржан Сапарханұлы "Сырдария" университетінің іс-тәжірибе жетекшісі



Басқа жаңалықтар


Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Каржы орталыгы

free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz