қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

Педагогика ғылымы: жастар көзімен

2 желтоқсан күні "Педагогика және психология" кафедрасында "Ғылыми педагогикалық зерттеу жұмысының әдістемесі" пәні негізінде ұйымдастырылған "Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының студенттері арасында "Педагогика ғылымы: жастар көзімен" атты студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.

Студент жастар Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдап, ондағы жастарға айтылған "Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер  мамандықтың бәрі жақсы... Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады" деген рухты сөздерінен қуат алып, аса бір ерекше көңіл күймен бастады.

Аталған конференцияның өткізілуі дәстүрге айналуда. Өткен жылы "Педагогика ғылымының өзекті мәселелері" тақырыбында ұйымдастырылып, онда 6 топтан 120-ға жуық баяндама тыңдалған болса, осы дәстүрді жалғастыру мақсатында ұйымдастырылған биылғы жылғы конференцияға екі топ БПӘ-14,24 топтары ат салысты. Секциялық деңгейде өткізілген отырыста жалпы 40-тан астам баяндама тыңдалды. Екі апта бойы студенттер өз зерттеулері бойынша секциялық отырыстарда қоғамдағы қызу талқылауда жүрген өзекті мәселелер төңірегіндегі баяндамаларын жасады. Ерекше талқылауға түскен ұлттық тәрбие, қазақтың педагог ағартушыларының еңбектері, оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалану, әлеуметтік желінің зардаптары, мұғалімдердің оқушылармен қарым-қатынастары, оқушылардың есте сақтау қабілеттерінің төмендеуі, бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту т.б. көптеген өзекті мәселелерді айырықша атауымызға болады. Ғылыми талас-тартысқа толы, қарама-қайшы пікірлермен өткен конферениядан суырылып, 6 студент пленарлық кезеңге шықты.

"Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" деген қазақтың аталы сөзін ұстанған конференциямыздың жүйріктері арасында болған тартысты бәсек қай-қайсысына болсада оңайлыққа соққан жоқ. Секциялық отырыстардағы талқылаулардан тәжірибе жинақтаған студенттер баяндамашыларға жан-жақтама сұрақтарымен өздерінің ғылыми, сыни қөзқарастарын білдіре отырып, ұтымды ұсыныстарын да бере білді.

Конференциямыздың қорытынды нәтижесі бойынша университет ректорының І дәрежелі дипломымен БПӘ-14 тобының студенті А.С. Аманқұл "Логикалық тапсырмалар арқылы бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту әдістері" тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысымен марапатталса, БПӘ-24 тобының студенті Н.М. Мырзабек "Жастарға ұлттық тәрбие беру мәселелері" атты зерттеу жұмысымен ІІ орынға ие болды, ал БПӘ-14 тобының студенті Ж.О. Маханбетова "Бастауыш білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану жолдары" атты зерттеуімен ІІІ орынға табан тіреді. Пленарлық конференцияға қатысушы басқа да студенттер түрлі номинациялармен марапатталды. Атап айтқанда, БПӘ-14 тобының студенті Ұ.Н Арапбек "Жаңашыл ізденуші", БПӘ-24 тобының студенті Г.Ү. Әбілда "Үздік зерттеуші", БПӘ-14 тобының студенті Л.О. Ержигитова "Үздік баяндамашы" номинацияларымен марапатталды.

Конференцияға Тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор доцент Н.Б. Шегенбаев, п.ғ.к., доцент Ж. Асабаев қатысып, студенттерге өздерінің қызықтырған сұрақтарын жолдап, пікір алмасты. Конференцияға жоғары бағаларын беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

"Ғылыми педагогикалық зерттеу жұмысының әдістемесі" пәні негізінде ұйымдастырылған конференция студенттердің ғылыммен айналысуына, зерттеу жұмыстарын өз еркімен жүргізуіне, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауына мол мүмкіндіктер туғызды. Зерттеу тақырыбының қалай таңдалатындығы мен оған қойылатын талаптардың мазмұнымен танысып, ғылыми көзқарастарының қалыптасуына негіз болды. Студенттер өз зерттеу тақырыбы бойынша жазылған ғалымдардың қарама-қайшы пікірлеріне ғылыми талдаулар жасады. Болашақ педагог мамандар өз саласының өзекті, шешімін таппай тұрған мәселелерді барынша шешуге тырысып бақты. Бұл әрине студенттердің келешектегі маман ретінде қалыптасуына негіз болары сөзсіз.

Файзиев Нұржан Сапарханұлы
"Педагогика және психология" кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі


Басқа жаңалықтар

Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Каржы орталыгы

free counters


Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2015 © www.sirdariya.kz