қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

Галерея

Академиялық ұтқырлық ауқымы кеңеюде

2015 жылдың 1-қыркүйегінде "Сырдария" университеті мен Махмуд Қашғари-Барскани атындағы Шығыстану университеті (Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласы) "Білім беру саласында өзара ынтымақтастық туралы" келісімшарт жасасты. Осы келісімшарттың негізінде 2015/2016 оқу жылының 26.11-02.12 аралығында университетіміздің профессор-оқытушылары Ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, п.ғ.к., доцент Н.С. Молдабекова, "Тілдер" кафедрасының аға оқытушысы Г.М. Сейсенбаева Махмуд Қашғари-Барскани атындағы Шығыстану университетінде іс-сапарда болды.

Іс-сапар барысында п.ғ.к., доцент Н.С.Молдабекова "Педагогика және психология" пәнінен дәріс оқып, "Лидерліктің негізі" және "Құндылық" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Аға оқытушы Г.М.Сейсенбаева "Ағылшын тілі" пәнінен практикалық сабақ өтіп, студенттердің біліктілігін арттыру мақсатында "Ағылшын тілі сабақтарында интернет ресурстарын пайдалану" тақырыбында семинар өтті.

03.12-11.12.2015 жыл аралығында аталған университеттің профессоры, з.ғ.к., Карынов Чолпонбай Карыпбаевич университетіміздің "Құқықтану" мамандығы студенттеріне "Еңбек құқығы" пәнінен дәріс оқыды. Ал аспирант Джунусова Чолпан Исаевна "Макроэкономика" пәнінен дәріс оқып, студенттердің көңілінен шықты.


"Сырдария" университетінің баспасөз хатшысы Г.Алтынбекова

Галерея


Басқа жаңалықтар

Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Каржы орталыгы

free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2015 © www.sirdariya.kz