қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












01.03.2018

Жыр алыбы Жамбыл 172 жаста


Биыл жыр алыбы Жамбылдың туылғанына 172 жыл. "ХХ ғасырдың Гомері" атанған жыр дүлдүлінің мерейтойына орай "Кітапхана" бөлімі "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы студенттерінің қатысуымен әдеби-мерекелік кешті атап өтті. Әдеби-мерекелік кешке университет ректоры, п.ғ.к., доцент С.С.Дайырбеков, ф.ғ.к., доцент Л.У.Абенова қатысты.

Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбылдың рухына тағзым еткен жастар қара өлең алыбының өмір жолы, шығармашылық әлемі туралы баяндама жасап, бейнебаян көрсетті.

Даланың дархан данасына арналған кеште жас ізденушілер абыз ақынның асыл жырлары мен дастандарын қалың жұртшылық алдында оқыды. Атақты Сүйінбай ақыннан бата алған жыр алыбы туралы Мұхтар Әуезовтің: "Жамбыл-ақыл ойдың алғыры, өзгеге ұқсамайтын дара, оқшау. Оның бір өзі әрі эпик,әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны", - деген пікірлеріне презентация жасады. Сонымен бірге "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының студенттері ақын өмірімен байланысты көріністі сахналап, кештің мәнін аша түсті.

Баспасөз қызметі




Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар




Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу