қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

1.05.2013

1 мамыр – Қазақстан халықтары бірлігі күні

«Сырдария» университетінде 1 мамыр – Қазақстан халықтары бірлігі мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. 1 мамыр күні Мақтарал аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Абай» гүлзарына университеттің өзге ұлт өкілдерінен құралған студенттері жиылды. Мереке барысында университетіміздің ректоры п.ғ.к., доцент Дайырбеков Серік Сансызбайұлы мерекемен құттықтады.

Сонымен бірге, тәжік ұлтының өкілі, оқу ордамыздың белсенді студенті
Ширинова Дилнавоз қазақ еліне деген ризашылығымен ыстық ықыласын білдірді.
Барша студент жастар қазақтың киелі шаңырағы мен туын көкке көтеріп, «Абай» гүлзарынан орталық алаңға қарай ұрандатып бет алды.

Университетімізде мамыр айының екінші жұлдызында «Жастар комитетінің» бастамасымен орталық кітапханада «Тілі басқа, тілегі бір» тақырыпта өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен мерекелік іс-шара болып өтті. «Сырдария» университетінің тәрбие істері жөніндегі проректоры Бауыржан Құрбаналиев, жазушы Нұрғали Қадырбаев, сонымен қатар,
униерситетіміздің өзге ұлт өкілдерінің ұстаздары неміс ұлтынан Сергей Шпенглер,
татар ұлтынан Руслан Абибуллаев және өзбек ұлтынынан Севара Алимова қазақ елінде тұратындығын мақтанышпен айтып, туған елінің дамуына аянбай еңбек ететіндігін жеткізді.

Мұнда өзге ұлт өкілдерінің ұлттық киім үлгілері көрсетілді. Студентіміз Додожонова Мақсаттың қазақ еліне деген өлең жолдары жүрекке ерекше ыстық леп әкелсе, Муминова Сурая оқыған «Қазақстан» өлеңінде қазақ елінің мәртебесі биік екенін айқындады.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенті Ширинова Дилнавоздың «Тәжік жігіттері», Әріпхан Нұрисламның «Қазақстаным» әні мерекелік кештің шырайын аша түсті.
Сахнаға өзге ұлт өкілдерінен құралған «Бірлігі жарасқан Сырдария» көңілді тапқырлар клубы мерекелік көңілкүй сыйлады.

Қазіргі таңда, университетте өзге ұлт өкілдерінің білім алуына ғана емес, өз өнерлерін әрі қарай ұштауына да мүмкіндік жасалған.

Галерея (48 сурет)



Басқа жаңалықтар

Жас келсе, іске!
1 мамыр – Қазақстан халықтары бірлігі күні
Махаббат оты сөнбесін
Ұлыстың ұлы күні
Тәуелсіздік және қазақ қыздары
«Нұр Отан» - Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның партиясы» атты конференция
«Сыр Сұхбат»
«Интеллектуалды жастар»
Мұқағали Мақатаев 82 жаста
«Тәуелсіздік - тұғырым» атты мерекелік іс-шара
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік апталығының» ашылуы
«Ана тілі аруы» байқауы
Студенттер арасында эстафеталық жарыс
Ұстаздар арасында эстафеталық жарыс
«Жалын» дебат клубының ұйымдастыруымен дебат турнирі



Басқа жаңалықтар





Археология

Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу