қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

ОҚУ ОРДАМ МЕН ТУҒАН ӨЛКЕМ ТАҒЫ ДА ҰЛЫҚТАЛДЫ

Жуырда Алматы қаласында орналасқан "Шет тілдер және іскерлік карьера" университеті мен Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдасуымен Қазақ хандығының 550 жылындағы Қазақстан және қазақ халқы" атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция болып өтті.

Конференцияға еліміздің ғалымдарымен қатар Түркия, Қырғызстан, Ресей секілді беделді мемлекеттердің доцент, аспирант, кандидат, профессорлары қатысып, өздерінің дайындаған ғылыми мақалаларымен таныстырып өтті.

Сонымен қатар, Жетісай қаласында орналасқан "Сырдария" университетінің ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, п.ғ.к., доцент Н.С.Молдабекова және "Гуманитарлық білім" факультетінің "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасынының 2-курс студенті, студенттік деканы Ермекбай Ермахан Жаңабайұлы да конференцияға қатысты.

Н.С.Модабекова "Ұлы дала тарихындағы Мырзашөл" атты баяндамасында Мақтарал ауданының ежелгі тамырлы тарихына тереңірек үңіліп, қасиетті Мырзашөл өңірінің түпкілікті тарихы ілгеріректе, сонау сақ патшайымы – Тұмар ханшайым(Томирис) және жарты әлемді жаулаған А.Македонскийден (Е.Зұлхарнайыннан) бастау алатындығын айқындап, ондағы тоғыз жолдың торабында орналасқан ертедегі "Ұтырлы"қаласының болғандығын, сонымен қатар профессор М.Елеуовтің бастамасымен "Сырдария" университетінің "Отан және шетел тарихы" кафедрасының профессор-оқытушылары мен "Тарих" мамандығының студенттері жүргізген археологиялық қазбалардың нәтижесінде, қаланың көне оғыз тайпаларының дәуірінде қабырғасы қаланғандығы жөнінде мәліметтер айтылды. Қазба жұмыстарындағы түсірілген бейнебаян көрсетіліп, жұртшылықты тақырыпқа қызықтырды. Нәтижесінде, конференцияға қатысушылар "Мырзашөл" өңірін тек мақта, қарбыз, қауын секілді дәнді-дақылдар мен ғана емес, өзінің қаншама ғасырлардан бері топырағына жасырынған тамырлы тарихымен де мақтана алатындығына көздері жетіп, көңілдері сенді.

Конференция соңында университет ректоры С.О.Хизметли өзінің "Сырдария" университетіне деген жылы лебізін білдіріп, қос университет аралығындағы ынтымақтастық келісімшартқа қол қойды.



"Сырдария" университеті, "Гуманитарлық білім" факультетінің студенттік деканы Ермекбай Ермахан Жаңабайұлы


Басқа жаңалықтар

Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Каржы орталыгы

free counters


Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2015 © www.sirdariya.kz