қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














19.10.2017

Пікірсайыс турнирі


Әрбір жас ел болашағы үшін жасалып жатқан игі бастамалардан тыс қалмай, қоғамдық өзгерістерге өзінше үн қосып, орнықты ой айта білуі тиіс.

Сондықтан Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер проректоры мен Жастар комитеті «Сырдария» университеті мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының жастары арасында пікірсайыс турнирін өткізді.

2017 жылдың 19-қазанына жоспарланған пікірсайыста бүгінгі күннің өзекті мәселелері қатарынан орын алған «Латын әлипбіне көшу – заман талабы», «Ағылшын тілін 1-сыныптан оқыту – өркениетке бастау», «Қазіргі жастардың рухани құндылықтары» тақырыптары үкімет пен оппозиция тарапынан талқыланып, орнықты ойлар ортаға салынды.

ОҚМПИ-дың «Болашақ» тобының лидері Мүсілім Өзтемір латын әліпбиіне көшудегі қаржылық дағдарыстар, экономикалық шығындар мен әлеуметтік кедергілерге статистикалық ақпараттар арқылы аргументтер келтіріп, болжам жасады. «Алаш ұлдары» фракциясының спикері Сатуов Бекболат қазіргі жағдайда латынға көшудің тиімділігін оппозиция лидерінің аргументтеріне қарсы пікірлермен толықтыра түсті.




Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters



Пікірталас турнирінде сайыскерлер «Ағылшын тілін 1-сыныптан оқыту өркениетке бастайтынына сенеді» деген тақырып төңірегінде пікірлерін өрбітті. Бұл жөнінде ОҚМПИ студенті Әбдіхалық Орынбасар дамыған елдердің тәжірибесін келтіре отырып, пікір білдірді: «Бастауыш сыныптың алғашқы кезеңдерінде оқушы ойын баласы және ол кез-келген нәрсеге еліктегіш болып келеді. Ол жақсыны да жаманды да тез қабылдап алады.

Сондықтан балаға ең алдымен ана тілінде білім берілуі керек», -десе, қарсы топтың спикері Аманқұл Айсұлу: «Әлемдік тілдерің алдыңғы шебінде тұрған ағылшын тілі бүгінде өркениетке бастайтын бірден-бір тіл болып тұр. Дамыған отыздыққа ену мақсатына сәйкес ағылшын тілін оқыту бастауыш сыныптың бірінші сыныбынан қолға алынып отыр.

Сіздер келтіргендей олар ана тілін ұмыта қоймайды. Өйткені, бастауыш сыныпта сол тілдің әліпбиі, сөздері мен сөз тіркестері секілді қарапайым деңгей қарастырылған. Тіпті олар балабақшаның өзінде ағылшын тіліндегі кейбір сөздермен таныс болып келеді. Сондықтан аталаған тілдің бастауыш сыныпта оқытылуы тілді еркін меңгеруге септігін тигізетіні сөзсіз» , - деген пікірін білдірді.

Қоғамда болып жатқан жағдаяттарға белсенділік танытқан топтарға сараптама жасаған төрешілер Аралбай Табиғат, Спатай Нұргелді және Сартай Ақжарқын әділ бағаларын беріп, төмендегідей қорытынды жасады:
1-орын – «Болашақ» тобы (ОҚМПИ);
2-орын – «Алаш ұлдары» (Сырдария);
3-орын – «Нұрлы жол» (Сырдария), «Ұлттық құрама» (ОҚМПИ).

Пікірсайыс жеңімпаздары марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!



Басқа жаңалықтар




Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2017 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу