қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














19.10.2017

Студенттер мерекесі


2017 жылдың 19-қазанында 1-курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау дәстүріне орай мерекелік кеш болып өтті.

Елбасының «Мәгілік ел» идеясына кірпіш болып қаланатын болашақ жас мамандарды 1-курсқа қабылдау шарасын ашқан университет ректоры, п.ғ.к., доцент С.С.Дайырбеков: «Құрметті студенттер Сіздер үшін бұл күн мереке. Сіздер университетіміздің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында қосылып отырсыздар.

...Еңбек етіңіздер, аянбаңыздар, шаршамаңыздар. Өмір тек білімнен ғана тұрмайды. Өмір тәрбиеден, сыйластықтан тұрады», - деп, жас буынға құтты қадам тілеп, сынақ кітапшасы мен білім кілтін табыстады.

Мерекелік кеште Искендиров Нұрғиса мен Орынбай Әділбек «Белгісіз жан», Садыбек Лаура «Ме too», «Туған жер» әндерін орындап, «Назерке» би тобы арулары «Алабина» биімен көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Университет намысын Республика көлемінде қорғап жүрген «Сырдария» құрамасының әзілдері мен көріністері кешке ерекше серпін берді. Сонымен бірге, «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің 1-курс студенті Халилов Айбектің цирктік көрсетілімі де қойылды.

Жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі шараның ерекшелігі бірінші курс студенттерінің кешке белсене қатысуы мен жанды дауыста орындалған әндер болды. Жастарды қоғамдық белсенділікке бастайтын іс-шаралар студенттермен жемісті болмақ.



Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2017 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу