қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












19.02.2018

Университет жастары халықаралық конференцияда


"Сырдария" университетінің бір топ белсенді студенттері 2018 жылдың 16 ақпанында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне барып қайтты. ОҚМУ-дың "Тұңғыш Президент" кітапханасының бастамасымен "Елбасы феномені" тақырыбындағы халықаралық конференцияда республиканың түрлі аймақтарындағы оқу орындары мен шет елдік ЖОО студенттері бас қосты.

Халықаралық конференция барысында Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіздіктен бүгінгі күнге дейінгі сарабдал саясаты, ел билігін басқарудағы көрегендігі туралы жас ізденушілердің баяндамалары тыңдалып, арнайы көрме залындағы Елбасының кітаптары таныстырылды.

Игі мақсат жолындағы бұл серпіліс жастардың бойындағы отаншылдық сезімді нығайтып, рухани құндылықтарға деген ынтасын арттырары сөзсіз.

Баспасөз қызметі




Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар




Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу