қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














19.01.2018

Спорт бізді біріктіреді

"Сырдария" университетінің 20 жылдық мерейтойына орай қаңтар айының 16-19 жұлдызында оқу орнының профессор-оқытушылары мен қызметкерлері арасында "Спорт бізді біріктіреді" атты спорттық жарыс болып өтті.

Тартысты бәсекеге 5 команда қатысты: "Гуманитарлық білім" факультетінен – "Құлагер", "Жаратылыстану және математика" факультетінен – "Сұңқар", "Өнер" факультетінен – "Өнер қырандары", университет бөлімдерінен құралған – "Сырдария Арланс" және әкімшілік шаруашылық бөлімінен – "Алау" тобы.

Ұйымдастырылған тартысты бәсекенің ашылу салтанатында университет ректоры, п.ғ.к., доцент С.С.Дайырбеков спорттық шараның мәні мен маңызы туралы айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Спорттық ойындардың алғашқы жарысы – эстафеталық ойындар. Қатысушылар ойынның баскетбол добын кедергілер арасынан алып жүру, орындықтан секіріп өтіп, кілемнен аунап, нысананы көздеу, картоп егу, әр ойыншы түрлі кедергілер арқылы мәреге келу, кір тасын көтеру, арқан тарту түрлерінен сынға түсті.

Спорттық доданың екінші күнінде командалар баскетболдан бәсекеге түссе, үшінші күні сайысқа түскен спорт түрі футбол болса, төртінші күні -стол тенисі. Профессор-оқытушылар мен қызметкерлерді біріктірген шарада жеңімпаздар анықталды. Ұпай саны жағынан алда келген командалар төмендегідей нәтиже көрсетті:

Эстафеталық ойындары бойынша:

1-орын – "Жаратылыстану және математика" факультетінің "Сұңқар" құрамасы;

2-орын – "Өнер" факультетінің "Өнер қырандары" құрамасы;

3-орын – университеттің құрылымдық бөлім мүшелерінен құралған "Сырдария Арланс" құрамасы.

Баскетболдан өткен жарыс бойынша 1- орынды "Сырдария Арланс" 2- орынды "Өнер" факультетінің "Өнер қырандары" командасы жеңіп алса, 3- орынға "Жаратылыстану және математика" факультетінің "Сұңқар" командасы тұрақтады.

Спорттық ойындардың ішіндегі футболдан 1-орынды құрылымдық бөлімдердің мүшелерінен құралған "Сырдария Арланс" иеленсе, 2-орынды "Жаратылыстану және математика" факультетінің "Сұңқар" құрамасы, ал 3- орынды "Әкімшілік және шаруашылық" бөлімдерінен құралған "Алау" командасы жеңіп алды.

Үстел тенисі бойынша 1-орын – "Сұңқар" құрамасы, 2-орын "Өнер қырандары" құрамасы, 3-орын "Құлагер" құрамасы, шахмат ойынынан 1- орын – "Алау", 2-орын – "Өнер қырандары", 3-орын "Сұңқар" құрамасына бұйырды.

Салауатты өмір салтына мақсатын бағыттаған спорттық жарыс соңында жеңімпаздарға марапаттар мен естелік сыйлықтар берілді.

"Сырдария" университетінің ректоры барлық құрама мүшелеріне қатысқандары үшін алғыс айтты, барлық жерде үлкен жетістіктерге жетулеріне тілекші болды. Жыл бойы әріптестеріміздің спорттың түрлі жарыстарына белсене қатысуы, олардың жеңіске жету ниеттері командалық рухын қалыптастырады, ол тек спортта ғана емес, қызметте де қажет қасиет.



Баспасөз қызметі





Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2017 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу