қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English
7 СЫР
Республикалық қоғамдық-саяси газет
№37 (327) 18.09.2015 жыл, 6 бет

Болашақ тарихшылар профессор Мадияр Елеуовпен кездесті

Мақтаарал ауданындағы "Сырдария" университетіне Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің "Археология этнология және музеология" кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері Мадияр Елеуов келді. Профессор өңірімізге жасаған сапары барысында жоғары оқу орнының жас тарихшыларымен кездесіп, маңызды тақырып бойынша лекция оқыды. Ел тарихы жайында тың мәліметтер айтып, тамыры теренде жатқан Қазақ хандығының құрылу кезеңдеріне тоқталды. Профессордың берген мәліметтері қазіргі оқулықтарда кездесе бермейді. Сол себепті, оның әрбір сөзін студенттер мұқият тыңдап, қағаз бетіне түсіріп отырды.

Профессор Мадияр Елеуов өз сөзінде – қазақ халқы ешқашан көшпелі болған емес, деп нақты айтты және оған қажетті дәлелдерді де тізбектеп түсіндірді. Сондай-ақ, лекция барысында ол өзінің зерттеу тәжірибесіндегі мәліметтерге сүйене келе Қазақ хандығының нақты қай жерде құрылып, оған кімдердің ықпал жасағанын айтып өтті. Оған қоса орта ғасырлық Шөрі қаласы хандықтың алғашқы ордасы болуы мүмкін деген пікірді алға тартты. Студенттерге лекция залындағы арнайы электронды тақта арқылы қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған түрлі бұйымдар көрсетілді. Лекция соңында университет ұстаздары мен студенттер тарапынан тарихи салаға қатысты сұрақтар қойылып, толыққанда жауаптар алынды.

Алдағы уақытта "Сырдария" университетінің мұғалімдері мен студенттері профессор Мадияр Елеуовпен бірге орта ғасырлық Үтір төбе қаласын терең зерттеуді жоспарлап отыр. Болашақта Сырдария өзенінің жағасында орналасқан кене қала жайында кітап жазылып, оқырмандар мен жас тарихшылардың назарына ұсынылмақ.

"Жеті сыр" ақпарат.

Басқа жаңалықтар


Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Каржы орталыгы

free counters


Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2015 © www.sirdariya.kz